Қазақстан мен Беларусь құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Беларусь құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан және Беларусь Премьер-Министрлерінің құрылыс саласындағы уағдаластықтарын іске асыру бойынша одан әрі бірлескен іс-қимылдарды айқындау үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы "Беларусь орамы" көп пәтерлі тұрғын үй ауданының құрылысы, Беларусь құрылыс материалдарын сататын сауда үйін ашу, керамикалық плиткалар өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құру жобалары талқыланды.

Қайырбек Өскенбаев биыл тамыз айының соңында өткен қазақстандық делегацияның сапарын ұйымдастырғаны үшін Беларусь тарапына алғысын білдірді.

Павел Утюпин өз кезегінде елдеріміз арасындағы ынтымақтастық әлеуеті жоғары екенін және осы бағытта жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.  

Кездесу соңында қатысушылар сұхбат үшін ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.