Биыл Маңғыстау облысында 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Биыл Маңғыстау облысында 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Маңғыстау облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көздері есебінен биыл 1,2 млн шаршы метр немесе 11 мың тұрғын үй салу жоспарлануда.

Биыл 8 айдың ішінде 809,6 мың шаршы метр немесе 6200 пәтер және жеке үй пайдалануға берілді.

Маңғыстау облысы халқының әлеуметтік аз қорғалған топтары үшін жалға және несиеге берілетін тұрғын үй құрылысына 2 млрд 367 млн теңге мемлекеттік инвестиция салынды. Кезекте тұрғандар жалпы ауданы 36 мың шаршы метр болатын 443 пәтер алды. Тағы 583 отбасы жыл соңына дейін баспаналы болады.

Жалпы, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен әлеуметтік жалға берілетін және несиелік тұрғын үй құрылысына мемлекет 9 млрд 983 млн теңге бөлді, деп хабарлады ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті.

Әлеуметтік тұрғын үй салу барысында өңірде 522 жаңа жұмыс орны ашылды.