Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы

Әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Білім беру және денсаулық сақтау нысандары 99%, тұрғын үй секторы 94% дайын.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің алдында 1 қыркүйекке дейін білім беру және денсаулық сақтау нысандарын толықтай дайындау міндеті қойылды. Ал 15 қазанға дейін коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала, тұрғын үйлердің барлық нысандарын дайындауды аяқтап, барлық автономдық жылу көздерін отынның нормативтік қорымен қамтамасыз етуі керек.
2021 жылғы 6 қыркүйектен бастап ҚР ИИДМ Президент Әкімшілігімен бірлесіп өңірлердің алдағы жылу беру маусымына дайындығын тексеріп жатыр.

Білім беру объектілері

Қазіргі кезде білім беру объектілерінің дайындығы 99% құрайды (жоспар бойынша - 11 158, іс жүзінде - 11 142 объект).

Ақмола (99%), Ақтөбе (99%), Жамбыл (99%) облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдіктері (99%) білім беру нысандарындағы жұмыстарды аяқтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауы қажет.

Денсаулық сақтау объектілері

Денсаулық сақтау объектілерінің дайындығы - 99% (жоспар бойынша - 5 757 объект, іс жүзінде - 5 725).

Алматы (97%), Ақтөбе (98%), Солтүстік Қазақстан (99%) облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының (97%) әкімдіктері нысандарды жылу беру маусымына дайындау жұмыстарын жеделдетуі қажет.

Тұрғын үйлер

Биыл елімізде 48 мыңнан астам тұрғын үйді жөндеу жоспарланған. Жылу беру маусымына дайындық - 94% (жоспар бойынша - 48 441 объект, іс жүзінде - 45 667).

4 өңір артта қалып отыр: Алматы (90%), Шығыс Қазақстан (83%), Павлодар (91%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (86%).

Автономдық қазандықтар

Әкімдіктер жоспарланған 10 737 автономдық қазандықтың 10 634-ін жөндеуді аяқтады. Жылыту маусымына дайындық - 99%.
Ақмола (95%), Маңғыстау (97%), Жамбыл (98%) және Қызылорда (98%) облыстарында қарқын төмен.

Жылу желілері

3,8 мың шақырымнан астам жылу желілері немесе жоспарланған көлемнің 96% жөнделді.
Жоспардан артта қалғандар: (Түркістан (70%), Қостанай (90%), Алматы (90%) облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы (91%).

Сумен жабдықтау және су бұру желілері

Жоспар бойынша шамамен 13,8 мың шақырымды жөндеу керек болса, соның 13,6 мың шақырымы жөнделді (99%).

Павлодар (89%), Алматы (93%), Маңғыстау (93%) облыстары мен Шымкент қаласының (85%) әкімдіктері инженерлік инфрақұрылымды, әлеуметтік сала объектілерін және тұрғын үйлерді жылу беру маусымына уақытылы дайындау шараларын күшейтуі қажет.

Автономдық қазандықтарға арналған отын

Автономдық қазандықтардың отынға қажеттілігі алдағы жылу беру маусымына шамамен 3 млн тонна көмір мен 68 мың тонна мазутты құрайды. 2,6 млн тонна көмір (89%) және 60 мың тонна мазут (88%) дайындалды.
Көмір сатып алу бойынша: Қызылорда (56%), Павлодар (68%), Қостанай (76%), Солтүстік Қазақстан (90%) облыстарында көрсеткіш төмен.

Мазут сатып алу бойынша: Ақмола (0%), Түркістан (33%) және Ақтөбе (71%) және Қызылорда (92%) облыстары артта қалып отыр.

Халықты және коммуналдық шаруашылықты көмірмен қамтамасыз ету

ҚР ИИДМ-де 2021-2022 жылдар кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмірге қажеттілік жоспары әкімдіктердің деректері негізінде құрылды.
Көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,2 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға 2,8 млн тонна, халыққа – 6,4 млн тонна.

Барлық өңірлерде көмірдің жеткілікті қоры жинақталған (107,3 млн тонна.). Дүрлігу және тапшылық болмауы тиіс.

2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша қажеттілік жоспарына қатысты (2021 жылғы 1 мамырдан бастап 2022 жылғы сәуірге дейін) көмір қорымен қамтамасыз бойынша жағдай мынандай: коммуналдық-тұрмыстық сектор - 73%, халық - 60%.

Коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі

2021 жылдың 1 қыркүйегіне тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі 14,4 млрд. теңгені құрайды (2020 жылдың сәйкес кезеңінде дебиторлық берешек шамамен 14,5 млрд. теңгені құрады).

Ең үлкен дебиторлық берешек 4 өңірде: Алматы қаласы - 2 881 млн теңге, Нұр–Сұлтан қаласы – 2 564 млн теңге, Шымкент қаласы – 2 470 млн теңге, Қызылорда облысы - 1 553 млн теңге.

Көмір бағасы

Бейбіт Атамқұлов көмір бағасы нарықтық жағдайда қалыптасатынын және оны мемлекет реттемейтінін атап өтті.

Әкімдіктердің ақпаратынша, өңірлердегі көмір бағасы 1 тоннасына 5 мыңнан 19 мың теңгеге дейін құрайды. Және ол көмірдің маркасына, өндіріс шығындарына және жеткізу қашықтығына байланысты айқындалған.

Әкімдіктер өңірлік операторларды анықтады. Олар сауда-саттыққа тікелей қатысып, халыққа көмірді делдалдарсыз сатады.

Есепті қорытындылай келе, министр жылу беру маусымына дайындық жалпы бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатқанын және Министрліктің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.