Қазақстанның сейсмикаға төзімді құрылыстағы бастамасын бірқатар ТМД елдері қолдады

Қазақстанның сейсмикаға төзімді құрылыстағы бастамасын бірқатар ТМД елдері қолдады

ТМД елдерінің мемлекеттік органдары Қазақстан ұсынған «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» нормаларының бірыңғай моделін қолдау үшін ресми хаттар жолдады.

Нормалардың бірыңғай моделі ТМД-ға қатысушы мемлекеттер әзірлеген ұлттық қосымшалармен толықтырылған бірыңғай нормативтерді білдіретін болады.

Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да бірқатар елдер сейсмикалық төзімді құрылыс саласындағы нормаларды үйлестіру бойынша жұмысты бастағанын атап өтті.

Бұл туралы ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымның (СҚСБ) бақылау кеңесінің II-ші отырысында белгілі болды.

Бейне-конференция нысанында өткен іс – шараға 7 елден 28 сарапшы, оның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық кеңес хатшылығының басшысы қатысты.

«Кейбір елдер қазірдің өзінде бірқатар ұсыныстар енгізді, олардың арасында бірыңғай нормалар моделін әзірлеу кезінде халықаралық және еуропалық стандарттарға (Еурокодтарға) бағдарлану қажеттілігі бар. Осылайша, сейсмикалық қауіпсіздік саласында ТМД елдерін біріктіру бойынша алғашқы қадамдар жасалды», - деп есептейді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, СҚСБ төрағасы Бегман Кульбаев.

Осылайша, Қырғызстанның Горстройы ТМД елдерінің аумағын сейсмикалық аудандарға бөлу карталарын әзірлеу кезінде халықаралық нормаларға сәйкес сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша бірыңғай әдістемені қолдануды ұсынады.

Өз кезегінде Молдова өкілдері республикада Еурокодтарға ұлттық қосымшаларды әзірлеу басталғанын хабарлады.

Ералы Шоқбаров, СҚСБ төрағасының орынбасары, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Қазақстанда 1 шілдеден бастап ҚР ЕЖ 2.03-31-2020 «Сейсмикалық шағын аймақтандыруды ескере отырып, Алматы қаласының аумағында құрылыс салу» күшіне енгенін атап өтті, сондай-ақ ұлттық қосымшаларға түзету және Еурокодтарға 3 нормативтік – техникалық құралды өзектендіру жүргізілуде.

Іс-шара қорытындысы бойынша сарапшылар ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы нормаларды үйлестіру жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы базалық ұйымы (СҚСБ) мәртебесі Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтына («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) берілді.