Бүгінгі таңда сарапшылар еурокодтарды құрылыс саласында практикалық қолдану мәселелеріне алаңдаулы. Осыған байланысты, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері "ҚазҚСҒЗИ" АҚ алаңында жұмыс тобының кеңейтілген отырысы барысында ҚР ЕЖ EN 1993 "Болат конструкцияларын жобалау" құрылысында Еуропалық нормаларды (Еурокодтарды) пайдалану мәселелерін талқылады. Кездесу бейнеконференция форматында өтті.
Іс-шараға кәсіби қоғамдастықтың 40-қа жуық өкілдері қатысты, олардың ішінде: ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Техникалық реттеу және нормалау басқармасының сарапшылары, "Мемсараптама" РМК сарапшылары, "Қазақмыс" корпорациясының құрылыс бөлімінің мамандары, "KAZGOR" Жобалау академиясының конструкторлар тобы, сондай-ақ бірқатар жобалау, Құрылыс және басқа да компаниялардың өкілдері бар
Отырыс қорытындысы бойынша, еурокодтар кепілдік беретін сенімділікті қамтамасыз етуді растау мақсатында, еуропалық және жергілікті өндірісттегі болаттың физикалық-химиялық сипаттамаларын салыстыру бойынша эксперименттік растаумен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлт жоспарының 49-қадамына сәйкес Қазақстан құрылыста Еуропалық нормаларды (Еурокодтарды) пайдалануға көшті, Еурокодтарға көшу құрылыс саласын еуропалық және әлемдік жүйелермен интеграциялау қажеттілігімен анықталды.
Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ"АҚ) Еурокодтарға өту процесінің жауапты опе