ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы тағайындалды

ҚР ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы тағайындалды

Тимур Жиенбайұлы Қарағойшин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Алматы сәулет-құрылыс институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша (1985 ж.), сондай-ақ Технология, құрылыс, бағалау және сапаны басқару университетін "заңгер-сарапшы" мамандығы бойынша (2004 ж.) бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы ПМК-5 учаскесінің шебері болып бастап, кейін прорабы болған. "Оралавтодор" бас маманы, директордың орынбасары, БҚО бойынша сәулет-құрылыс бақылау, инспекциялау және лицензиялау басқармасының директоры, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, "SUPER-ACCORD ASTANA" ЖШС Бас директоры болып қызмет атқарды. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Астаналық филиалының жобалау және күрделі құрылыс дирекциясын, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментін, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасын басқарды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін "Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау" РМК бас директоры болып жұмыс істеді.

"Құрмет" орденімен марапатталған.