ИИДМ басшысы Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат Франк Риестермен онлайн режимде кездесу өткізді

ИИДМ басшысы Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат Франк Риестермен онлайн режимде кездесу өткізді

2021 жылғы 29 сәуірде Париж қаласында өтетін Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан- Франция үкіметаралық комиссиясының 14-отырысы қарсаңында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Еуропа және Франция Республикасының Сыртқы істер министрі жанындағы Сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министр-делегат Франк Риестердің екіжақты кездесуі онлайн режимде өтті.

COVID-19 пандемиясы және соған байланысты енгізілген санитарлық шектеу шаралары 2020 жылы елдер арасындағы іскерлік белсенділікке әсер етіп, нәтижесінде тауар айналымы 2,8 млрд. АҚШ доллары шамасында болды.

Франк Риестер бүгінгі таңда Қазақстанмен уран, мұнай-газ, титан өндірісінде, машина жасау саласында, құрылыс материалдарын, дәрі-дәрмек, тамақ өнімдерін өндіруде және басқа да салаларда бірқатар ірі инвестициялық жобалар іске асырылғанын атап өтті.

Соңғы 15 жылда Франция Қазақстанға 16 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.

Кездесу барысында Министрлер уран өндіру, жолаушылар және жүк локомотивтерін шығару саласындағы мәселелерді талқылады. "Airbus" тобымен бірлескен жобаларды іске асыру және  ынтымақтастықты жолға қоюға үлкен көңіл бөлінді. Жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру саласындағы жаңа жобалар талқыға салынды.

Кездесу соңында тараптар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.