Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшудің негізгі принциптері қайта нақтыланды

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшудің негізгі принциптері қайта нақтыланды

23 ақпан күні Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында РММ алаңында «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшудің негізгі принциптері» баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер ретінде:

  • Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы орынбасары Е. А. Дауылбаев;
  • «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Н.Н.Серіков;
  • «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Өңірлік даму және әдіснама департаментінің басшысы М. Ж. Әбдікәрімов сөз сөйледі.

Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан түрлі салаларда, соның ішінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

170 млн. шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй салынды, 1,6 млн.астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарды. Бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылды, олардың шеңберінде жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және реконструкциялау жүргізілді, 3 088-ден астам көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытуға бағытталған басқа да іс-шаралар жүзеге асырылды.

2020 жылдың басынан бастап "Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген болатын.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты" атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Үкіметке және әкімдерге мүлік иелері бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

Реформа «бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» принципі бойынша «мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректеріне  сәйкес, ағымдағы жылдың 22 ақпандағы жағдай бойынша 1 735  жаңа басқару нысаны құрылды (МИБ - 695, ЖС – 1 040). Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында.

Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына "Кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беру тәртібі" жаңа тарауын қосып өзгерістер енгізді.

Мұнда, енгізілген жаңа ережелерге сәйкес мүлік иелерінің бірлестігі төрағасы немесе жай серіктестіктің сенімді тұлғасы құрылған сәттен бастап 3 жұмыс күн ішінде басқарудың ескі органдарына, сондай-ақ тұрғын үй инспекциясына тиісті хабарлама жібереді.

Тиісті хабарламаны алған пәтерлер иелерінің кооперативі, сондай-ақ хабарламаны жолдаған мүлік иелерінің бірлестігі немесе жай серіктестік, 3 жұмыс күн ішінде бірлесіп, кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды қабылдау-тапсыру актісін жасайды.

Кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдары 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі қажет.

Сондай-ақ, қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес жинақ шотында күрделі жөндеуге арналған ақша қаражаты, сондай-ақ нысаналы жарналар ретінде жиналған қаражат (бар болса) мүлік иелерінің бірлестігі төрағасына берілуге тиіс.

Министрлік тарапынан техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздеу мәселесі пысықталуда.

Іс жүзінде пәтерлер иелерінің кооперативтерінің, басқарушы компаниялардың басшылары және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарумен айналысатын басқа да тұлғалар, пайдаланудағы ортақ мүліктің жекелеген бөліктерін жалға немесе пайдалануға беру арқылы қосымша табыс таба алады. Мұны пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері білмеуі мүмкін.

Сондықтан пәтер, тұрғын емес үй-жайлар иелері, сондай-ақ жаңадан құрылған мүлік иелерінің бірлестіктер мен жай серіктестіктер көппәтерлі тұрғын үй, қандай табыс пен пайда әкелетіндігін білу маңызды.

Табыстың негізгі көздері:

Жарнама:

Үй сыртында, лифт ішінде жарнамалық фирмаларға немесе сауда орталықтарына, плакаттарды, баннерлерді ілуге жалға беруге болады, онда сыртқы жарықтандыруға арналған жарық технологияларын, соның ішінде жарықдиодты жолақтардың жүгіретін жолдарын орналастыруға болады.

Жабдықтарды орнату:

Антенналарды орнату үшін шатыр учаскелерін, техникалық қабаттарды - интернет-провайдерлер мен ұялы байланыс операторларына жалға беруге болады. Қабырғалардың немесе ішкі бөлмелердің бөліктері провайдерлік жабдықты орналастыруға және байланыс кабельдерін салуға жарамды.

Сондай-ақ, ауыз суды тазартуға арналған жабдықты орнатудан кіріс алуға болады.

Үй-жайларды жалға беру:

Шаштараз, сауда дүкендері және басқалары орналасқан жертөлелерді жалға беруге болады, бұл санитарлық талаптарға сәйкес келуі керек.

Осылайша, лифтідегі және үй сыртындағы жарнама, төбеде орнатылған антенна немесе басқа жабдықтар - бұл көппәтерлі тұрғын үйдің қосымша табысы бола алады.

Осы келген қосымша кірістер кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін басқаруға және күтіп-ұстауға жұмсалуға, сонымен қатар бұл туралы ақпарат әрбір тұрғынға берілетін ай сайынғы есепте көрсетілуі тиіс.

Ортақ мүлікті заңды түрде басқару  және табыс алу үшін (мысалы, жалға беру үшін) кондоминиум объектісін тіркеу қажет.

Басқарудың жаңа формаларын енгізу әрбір көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың мүдделерін қорғауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау сапасының деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, бұл тұтастай алғанда тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етеді.