Хабарлама

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығының 15-тармағына сәйкес Мемлекеттiк монополия субъектiсi – «Мемсараптама» РМК өндiретiн және өткiзетiн тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) құнының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізу туралы хабарлайды.

Тыңдаулар 2020 жылғы 20 желтоқсанда сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат 1-қабат, мәжіліс залы мекенжайы бойынша өткізіледі.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 74 26 57, 8 (7172) 57 37 22.

Эл.почта: t.zhangilishev@miid.gov.kz, ahmetova@gosexpertiza.kz

Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін карантин ұзартылған жағдайда және Қазақстан Республикасы аумағындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мүдделі көпшіліктің пікірлерін ескеру үшін бейнеконференцбайланыс арқылы жария тыңдаулар өткізу көзделетін болады.

Бейнеконференцбайланыс арқылы ашық жиналыс нысанында тыңдауларға қатысу үшін сілтеме Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің www.miid.gov.kz және «Мемсараптама» РМК-нің - www.gosexpertiza.kz сайттарында орналастырылады.»