Аттестатталған инженер-техник жұмыскерлер енді тізілімге өзгерістерді өздері енгізе алады

Аттестатталған инженер-техник жұмыскерлер енді тізілімге өзгерістерді өздері енгізе алады

23 қарашадан бұл мемлекеттік қызмет жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы аттестатталған инженер-техник жұмыскерлерге және сараптамалық қызмет және техникалық қадағалау бойынша қызмет көрсететін аккредиттелген ұйымдарға қол жетімді.  Өзгерістер электрондық нұсқаға ауысқан сәйкесінше жұмыскерлердің және ұйымдардың тізіліміде енгізіледі. Аталған шаралар өтініштерді қарастыру рәсімін (15 күнтізбелік күн мерзімі) және жемқорлық тәуекелдерін жояды.

Тізілімдерде өзгерістер енгізу үшін келесі әрекеттерді жүзеге асыру қажет:

  • www.equrylys.kz мекен-жайына өту және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен тіркеуден өту;
  • БСН немесе ЖСН бойынша өз деректеріңізді табу;
  • Өз деректері немесе қызметкерлері бойынша түзетулер енгізу;
  • Енгізілген өзгерістер заңды немесе жеке тұлғаға келісуге жіберіледі;
  • Келісілгеннен кейін жүйеде өзгерістер енгізілетін болады.

www.equrylys.kz сайтында қадамдық іс-қимылдарды көрсете отырып, оқыту бейнероликтері мен слайдтар орналастырылған.