Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативтерінің (ПИК) төрағаларымен Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты ПИК қайта тіркеу және олардың алдағы қызметі мәселелері бойынша кездесулер өткізді.
Жиын барысында қолданыстағы заңнама нормалары, ПИК қызметін белгіленген талаптарға сәйкестендіру тәртібі, сондай-ақ кондоминиум объектілерін басқару субъектілерінің одан әрі ұйымдастырушылық-құқықтық жұмысының ерекшеліктері түсіндірілді.
Талқылауға Қызғалдақ Медетова ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй қорын дамыту басқармасының басшысы қатысты. Ол қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға қосымша түсіндірме беріп, ПИК төрағаларының өтініштері мен ұсыныстарына жауап берді.
Мұндай кездесулерді өткізу басқару субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және тұрғын үй заңнамасы нормаларын тиімді іске асыруға бағытталған.