Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің шақыруымен Отбасы банк бағдарламаларының таныстырылымы өтті.
Кездесу барысында банк кеңесшілері қолданыстағы ипотекалық бағдарламаларды, тұрғын үй жинақтау тетіктерін және мемлекеттік қолдау құралдарын таныстырып, қатысу шарттары мен рәсімдеу тәртібін жан-жақты түсіндірді.
Таныстырылған бағыттар қатарында:
• «Наурыз» ипотекасы;
• «Наурыз Жұмыскер»;
• «Жасыл ипотека»;
• «30/70» бағдарламасы;
• 2023–2029 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы;
• «Елорда Жастары»;
• БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын айдалану;
• «50/50» бағдарламасы.
Сондай-ақ банктің депозиттік өнімдеріне ерекше назар аударылды:
• AQYL / «Келешек»;
• «Баспана»;
• «Табысты»;
• «Арнау»;
• «Жас Отбасы».
Іс-шара аясында қызметкерлер депозитті тегін ашу, ипотекалық қарыз бойынша алдын ала есеп жүргізу, кредиттік тарихын тексеру және мамандардан жеке консультация алу мүмкіндігіне ие болды.
Мұндай кездесулер қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға және тұрғын үй жинақтау мен ипотекалық несиелеудің қолжетімді құралдары туралы ақпараттануын кеңейтуге ықпал етеді.