Құрылыс және ТҮКШ істері комитеті Aktobe Qurylys Cup турнирінде екінші орын алды

Құрылыс және ТҮКШ істері комитеті Aktobe Qurylys Cup турнирінде екінші орын алды

Актөбе облысында мемлекеттік құрылыс саласының қызметкерлеріне арналған «AQTOBE QURYLYS CUP-2026» футзал чемпионаты сәтті өтті. Жарыстарға әртүрлі өңірлерден 13 команда қатысты.

Ресми ашылу және марапаттау рәсіміне Актөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев және Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев қатысып, марапаттарды табыс етті.

Чемпионат нәтижелері:
• 1 орын – Алматы облысы
• 2 орын – Құрылыс және ЖКО Комитеті
• 3 орын – Актөбе облысы
Жеке номинациялар:
• Үздік қорғаушы: Шаймерден Мақсат (Құрылыс және ТҮКШ командасы)
• Үздік жетекші: Мыңбаев Қанат (Құрылыс және ТҮКШ командасы)

Осындай спорттық іс-шаралар командалық рухты нығайтуға, қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.