Ақтауда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Ақтауда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Бүгін Ақтау қаласында журналистерге арналған «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша кездесу өтті.

Кездесудің басында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керімқұлов пен «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шынғазиева кездесуге қатысты.

Іс-шараның мақсаты ұлттық жобаның мазмұнын, реформалардың бағыттарын, инфрақұрылымды жаңарту және энергия тиімділігін арттыру бойынша жоспарларды халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жеткізу болды.

Кездесу барысында журналистер өзекті сұрақтарын қойып, жобаны іске асыру барысына қатысты толық әрі жан-жақты мәлімет алды.