МИБ төрағаларына арналған біліктілікті арттыру курстар: тыңдаушылардың екінші тобы курсты бітірді

МИБ төрағаларына арналған біліктілікті арттыру курстар: тыңдаушылардың екінші тобы курсты бітірді

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен Өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде мүлік иелері бірлестіктерінің төрағалары, жай серіктестіктің сенімді тұлғалары, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушылар, көппәтерлі тұрғын үйді басқару мен күтіп-ұстау жөніндегі басқарушы компаниялар үшін біліктілікті арттыру курстарына тыңдаушылар оқытуда.

Біліктілікті арттыру курстары онлайн режимде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің платформасында, Microsoft Teams бағдарламасында ақылы негізде жүргізіледі. Оқыту құны 35000 теңгені құрайды. Алынған қаражат университеттің есепшотына жіберіледі және профессор-оқытушылар мен жақын салалардан шақырылған мамандардың (инженерлік жүйелер, лифт құрылғылары, желдету және т.б.) жұмысының ақысын төлеуге жұмсалады. Бүгінгі таңда екінші ағымға енген 32 тыңдаушы жоғарыда аталған бағдарлама бойынша оқуды ойдағыдай аяқтады. Екі ағым бойынша барлығы 48 тыңдаушы оқуларын аяқтады. Нұр-Сұлтан қаласында тұратын студенттер ЕҰУ-ның бас ғимаратында курстарды аяқтағаны туралы сертификаттар ала алады. Басқа қалалардан оқыған тыңдаушылар үшін сертификаттар пошта арқылы жіберіледі. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы көппәтерлі тұрғын үйді басқару және күтіп-ұстау бойынша мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің,  «Казцентр ТКШ» АҚ және қадағалаушы мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен әзірленген.

Бағдарлама «КПТҮ басқармасы (кіріспе бөлім). Тұрғын үй қатынастары мен ТКШ реттейтін ҚР заңнамасы»,  «ЦКПТҮ-ні МИБ немесе ЖС басқаруға қабылдаудың жалпы шарттары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің және оның көріністеріне қарсы іс-қимылдың негізгі аспектілер»  сияқты 14 негізгі бөлімдер бойынша 55 сағат оқытуды көздейді .

Мүдделі тұлғалар үшін байланыс телефондар:
Абенов Асқар Серікұлы - Өңірлік даму және әдіснама департаментінің бас маманы (8 701 882043)