Министрлікте НҚА сапалы әзірлеу мәселелері талқыланды

Министрлікте НҚА сапалы әзірлеу мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ZOOM бейнебайланысының платформасының көмегімен жалпыға бірдей құқықтық оқыту шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу тәртібін түсіндіру бойынша семинар өтті.

Аталған іс – шараның мақсаты-Министрліктің жетекшілік ететін салаларында норма шығару процесін тиімді жүргізуге бағытталған құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Семинар барысында мүдделі мемлекеттік органдармен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен жобаларды келісу мәселелері айтылды. Бекітілген НҚА практикасы және нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою процесін түсіндіру егжей-тегжейлі көрсетілді.

Жалпы оқыту нәтижелері бойынша қатысушыларға жалпы Нормативтік құқықтық актілерді сапалы және уақтылы әзірлеуге бағытталған нақты ұсынымдар берілді.