Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімдігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланды

Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімдігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер талқыланды

2025 жылғы 23 қазанда Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімдігінде кондоминиум нысандарын басқару формаларының (ТБН, МИБ) және кондоминиум нысандарын басқару субъектілерінің (басқарушы компаниялар, ПИК) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енген «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының негізгі жаңалықтарын түсіндіру болды.

Кездесуге ҚР ӨҚМ, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Тұрғын үй қорының дамуы басқармасының басшысы Қызғалдақ Медетова қатысты.

Шара барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:

  1. Басқару формалары мен басқару субъектілерінің жұмыс алгоритмдері;
  2. ПИК пен МИБ субъектілерін қайта тіркеу тәртібі;
  3. Көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушылары бойынша тізілім жүргізу мәселелері.

Мұндай кездесулер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, жаңа заңнаманың нормаларын түсіндіруге және тұрғын үй қоры басқару үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.