Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мамандығы бойынша алғашқы кәсіби сертификаттар табысталды

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мамандығы бойынша алғашқы кәсіби сертификаттар табысталды

Осы жылдың 16 қазанында Халықаралық сертификаттау орталығы «ICert» Қазақстанда алғаш рет көппәтерлі тұрғын үйлердің басқарушыларына кәсіби сертификаттар табыстау бойынша салтанатты рәсім өткізді.

ICert — Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында қызметкерлерді сертификаттау бойынша ГОСТ ISO/IEC 17024-2014 халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігі тұрғысынан Ұлттық аккредиттеу орталығы арқылы аккредиттелген алғашқы орган болды. Алынған аккредитация ұйым қызметінің халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды және мамандардың құзыреттілігін бағалау рәсімдерінің айқындығын, объективтілігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Алғашқы сертификаттарды табыстау салтанатына ҚР ӨҚМ, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің тұрғын үй қорының дамуы басқармасының басшысы Қызғалдақ Медетова, сондай-ақ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы төрағасының кеңесшісі Марғұлан Абдукаримов қатысты.

Аталған оқиға 2025 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енетін «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы өзгерістермен тығыз байланысты. Атап айтқанда, аталған заңның 3-параграфы, 51-4-бабы, 3-тармағына сәйкес, кондоминиум нысанын басқару субъектілері басқару қызметін тек қана құрамында кондоминиум нысанын басқару функцияларын жүзеге асыруға кәсіби біліктілігі танылған және Қазақстан Республикасының «Кәсіби біліктіліктер туралы» Заңы мен тиісті кәсіби стандарттардың талаптарына сай қызметкерлері бар жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Табыс етілген сертификаттар – Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару саласында аккредиттелген орган арқылы тәуелсіз сертификаттаудан өткен мамандардың кәсіби біліктілігін растайтын алғашқы ресми құжаттар болып табылады.