Қарағанды облысында инфрақұрылымдық деректерді цифрлық түгендеу әдісін қолдану

Қарағанды облысында инфрақұрылымдық деректерді цифрлық түгендеу әдісін қолдану

Өңірлермен өзара іс-қимыл жасау және өңірдің құрылыс салынған аумағының жерасты және жерүсті коммуникацияларын сапалы және уақытылы түгендеу жөнінде қойылған міндеттерді іске асырудың бірыңғай тәсілдері мен тетіктерін құру мақсатында 2020 жылғы 6-8 қазан аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері Қарағанды облысында барды.

Облыс әкімдігімен бірлескен жұмыс барысында қолда бар техникалық құжаттамаға, инфрақұрылымдық деректерге тексеру және талдау жүргізілді. Сондай-ақ, бұл өңір инфрақұрылымдық деректерді цифрлық түгендеуді қолдану және оларды мемлекеттік қала құрылысы кадастры базасына беру бойынша пилоттық облыс болып айқындалды.

Көшпелі жұмыс қорытындысы бойынша 2020 жылғы 12 қазанда Қарағанды облысының әкімі Ж.М.Қасымбектің, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Р.Щеглованың және «Мемқалақұрылыскадастры» РМК қатысуымен республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, Қарағанды облысының өңірлік геоақпараттық жүйесін (ӨГАЖ) іске асыру жөніндегі Жол картасының жобасын бекіту, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер қорымен интеграциялау, ӨГАЖ мәліметтерін өзектендіру үшін әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметтері мен функцияларын автоматтандыру есебінен Қарағанды облысының елді мекендерінің инженерлік желілерін түгендеу тетігін талқылау бойынша бірлескен кеңес өткізілді.

Қала құрылысы кадастрын қалыптастырудың кешенді тәсілі және инфрақұрылымдық деректер платформасын енгізу халықтың өзекті және нақты ақпаратқа қол жеткізуін, қуаттарды брондау мүмкіндігін қамтамасыз етуге, процестердің ашықтығын арттыруға, қызмет көрсету мерзімдерін автоматтандыруға және қысқартуға, сондай-ақ елді мекендерді аумақтық дамытуды жоспарлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.