Еліміздің өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларында оң динамика бар

Еліміздің өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларында оң динамика бар

Бүгін ҚР |Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Министрлік жетекшілік ететін салалардың даму барысы туралы баяндады.  

Елімізде биылғы 9 айдың қорытындысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жыл деңгейінде сақталды. 12 өңірде оң нәтиже көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 3,3% өсті. Бұл өсім қағаз өндірісі, металлургия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, фармацевтика сияқты салалар есебінен болды.

Машина жасау саласы жақсы нәтиже көрсетіп, өндіріс 16,6% өсті. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 51,6%, өзге көлік құралдарын жасау 100,4%, электр жабдықтарын жасау 3,5%, машиналар мен жабдықтар өндірісі 3% өсті.

Түсті металлургияда нақты көлем индексі 2,2% артты. Оған тазартылған алтын 3, раффинирленген мыс 8%, құйма алтын өндіру 31%, түйіршіктердегі күміс 27%, бастапқы алюминий 1% және басқа да көрсеткіштердің өсуі есебінен қол жеткізілді.  

Қара металлургияда өсім 0,1% болды. Ферроқорытпалар өндірісі 0,4%, арматура прокаты 11%, ферро-силико-марганец 9%, арматуралар, шарлар және домалақ шыбықтардың тауар өндірісі 3,7% өсті.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 39,8% артты.

Жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 14,1% өсті. Ол тоқыма бұйымдары өндірісінің 6,4%, киімнің 1% және былғары өнімдердің 110,4% ұлғаюына байланысты болды. 

Қағаз және қағаз өнімдері өндіріс көлемінің өсімі 15,1% құрады.

Көлік саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 9 айында 82,9% (пайызды) құрады.

Контейнерлердің транзит тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% артып, 637,2 мың жиырма фунттық баламаны құрады.

Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 2,8 млрд. тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,6% құрады (2019 жылдың қаңтар – қыркүйек 3,06 млрд.тонна).

Пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, жекелеген бағыттарда өсім болды. 2020 жылдың қыркүйегінде тасымалданған жолаушылар саны биылғы тамыз айымен салыстырғанда 16,3% өсті.

Әуемен жолаушылар тасымалы 11,5% артып, 610 мың адамды құрады.

Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлік тасымалдар 2,2% немесе 1100 Жүк тасымалы саласында да өсім бар. Атап айтқанда, қыркүйек айында жүк тасымалының жалпы көлемі тамызбен салыстырғанда 0,9% өсті.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 9 айында 110,5% құрады. Ол өңірлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қайта жаңғыртуға байланысты құрылыс көлемін арттыру есебінен қамтамасыз етілді. 16 өңірде оң динамика байқалады.

Тұрғын үй құрылысында биылғы 9 ай қорытындысында 9 млн. 619 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109%.

Республика бойынша барлығы 85 мың 418 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 30 760 жеке тұрғын үй). 14 өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі артты.

Жалпы жыл қорытындысында жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізіледі.