Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков көппәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғыртуға бағытталған FELICITY II пилоттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша неміс серіктестері – DENA энергетикалық компаниясы және GIZ агенттігінің өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Жоба Көкшетау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйді термомодернизациялауға бағытталған. Негізгі мақсаттар — энергия тұтынуды азайту, тұрғындардың шығындарын төмендету және парниктік газдар шығарындыларын қысқарту.
Тараптар жобаны жүзеге асырудың келесі қадамдарын және табысты тәжірибені елдің басқа өңірлеріне кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Арнайы назар инвестиция тарту және тұрғын үй секторындағы энергия тиімді шешімдерді қолдау үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге аударылды. Сондай-ақ, халықты модернизацияның артықшылықтары мен тұрақты даму үшін заманауи технологияларды енгізу туралы хабардарлықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.