Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қашықтан оқыту
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
20 февраля 2018
ТКШ ҚазОрталығы елорданың инфрақұрылымы мен тұрғын үй кешеніне пилоттық жобаларды енгізеді

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен Астана қаласының Есіл ауданы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандумға сәйкес, тараптар E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйесін енгізуде және Астана қаласы Есіл ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп-ұстау бойынша пилоттық жобаны іске асыруда ынтымақтасуды жүзеге асыруға ниет білдірді.

«ТКШ ҚазОрталығы» іске асыратын E-SHANYRAQ зияткерлік ақпараттық жүйе көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері, басқарушы компаниялары, әкімдіктер, меморгандар, коммуналдық кәсіпорындар – барлық тұтынушылары үшін ашықтықты қамтамасыз етеді. Жалпы меморандум аясында жоспарланып отырған іс-шаралар тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасайды және Қазақстанның инфрақұрылымдық – тұрғын үй кешеніне цифрлық технологияларды енгізу мүмкіндігін береді» - деп атап өтті «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев.

Қазіргі кезде, ТКШ ҚазОрталығы ҚР инфрақұрылымдық тұрғын үй-кешенін жаңғыртудың оңтайлы үлгісін анықтау және осы салаға инновациялық технологияны енгізу жұмыстары белсенді түрде атқарылуда. Компания сонымен бірге, тұрғын үй қорын басқару әлемдік тәжірибесін Қазақстан Республикасында қолдануды зерттейді.  Айта кететін бір жайт, инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінде «цифрлық экономика» құралдарын қолдану Сингапур, Ұлыбритания, Германия, Финляндия сияқты дамыған елдерде және Ресейде сәтті қолданылуда.

16 февраля 2018
Астанада тұрғын үй заңнамасының өзгерістері талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасының негізгеі өзгерістерін талықау және пікір алмасу жөнінде сараптамалық кеңес өтті. Оған ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ), «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және сарапшы-практиктер қатысты.

Кеңес Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру және шағын және орта бизнесті дамыту үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» бірлескен жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта тұрғын үй заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың ең қолайлы үлгісін қалыптастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына шағын және орта бизнесті одан әрі тартуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі таңда ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы бекітілді. Ол бойынша салыстырмалы кесте дайындалатын болады.

Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша, барынша қолайлы ұсыныстар мен толықтырулар қалыптастырылады, олар одан әрі қаралуы үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жіберіледі.

Анықтама үшін:

БҰҰДБ елдердің дағдарысқа қарсы төтеп беруін арттыру мақсатымен олардың мемлекеттік құрылысында көмек көрсете отырып және әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға әкелетін дамуды ынталандыра және қолдай отырып, қоғамның барлық топтарының өкілдерімен ынтымақтасады. Біз 177 ел мен жер аумақтарында тікелей  жұмыс  істейміз және адамдардың анағұрлым толыққанды өмір сүруіне ықпал ететін, мемлекеттердің өміршеңдігін жоғарылататын ғаламдық пайымдаулар мен жергілікті шешімдер ұсынамыз.

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі: Кәрібжанова Алтынай, +7-7172-999449 (ішкі 1229),a.karibzhanova@zhkh.kz, БҰҰДБ: Абдрахманова Динара, +7172-696544 (ішкі 2611), dinara.abdrakhmanova@undp.org

16 февраля 2018
«Алатау» Инновациялық технологиялар паркі» АЭА жұмысы қайта форматталады

2018 жылдың қаңтарында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында орналасқан «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелерін қайта қарауды тапсырды. Үкімет тиісті талдау жұмыстарын жүргізіп, одан кейін мынадай шешімдер қабылданды. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимір Тоқтабаев мәлімдеді.

«Өз кезегінде АЭА басқарушы компаниясы - «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен ҚР Ақпараттық коммуникациялар министрлігінің қарамағына берілетін болады.

Инновациялық технологиялар паркі (ИТП) бойынша дамып келе жатқан жобалардың 80%-ы экономиканы цифрландыру мен цифрлы экспортқа байланысты. Сондықтан, «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырылудың негізгі үйлестіруші органы ҚР АКМ болғандықтан осылай жасалып отыр. ҚР АКМ  «ИТП» дербес кластерлік қор құралдарын Астанадағы АТ-стартаптардың халықаралық паркін дамыту жоспарларымен біріктіру арқылы цифрландырудың тиімділігін арттырады»,-деді вице-министр.

Тимур Тоқтабаевтың айтуынша, «ИТП» дербес кластерлік қоры заңнамада бекітілген жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөлінген қаржының 1%-н падалануды жалғастырады. 2015-2017 жылдары жер қойнауын пайдаланушылардан ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылған қаржы 3,5 млрд. теңгеден асты (барлығы 35 компания). 2,6 млрд. теңгенің 64 жобасы қаржыландырылды. Соның ішінде 2015 жылы 5 жоба (21,4 млн. теңге), 2016 жылы - 27 жоба (856 млн. теңге), 2017 жылы - 32 жоба (1,7 млрд. теңгеден астам). Сонымен қоса, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қазақстандық индустрияны цифрландыру бойынша жұмысын жалғастырады. Перспективалы жобалар іске асырылуда.

«ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен ақпараттық технологиялар негізінде жетекші алтын өндіретін кәсіпорын өндірісті автоматтандыру мен цифрландырудың толық циклін құру, бизнес-процестерді жүйелеу және процестер мен адам ресурстарын онлайн режимде басқару жұмыстарын жүргізуде. Компания цифрландырудың жоспарланған үш кезеңнің біріншісінде шығындарын 15-20% -ға азайтты»,-деді Т.Тоқтабаев.

15 февраля 2018
ТКШ Қазорталығы мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2018 жылғы 13 ақпанда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ («ТКШ Қазорталығы») мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ өзара ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойды.

Тараптар арасындағы ынтымақтастықты «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қатысуымен өткізілетін көппәтерлі тұрғын үй-жайларды тиімді басқару және күтіп ұстау мәселелерін нығайту.

Меморандумға сәйкес, тараптар МЖӘ жобаларын іске асыруда және тұрғын ғимараттарды энергиямен жабдықтау және олардың энергиялық тиімділігі, инфрақұрылымдық тұрғын үй кешеніне бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаражат жинау тетігін сынақтан өткізу бөлігінде сүйемелдеу ынтымақтастығын жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, мұндай жобалардың іске асырылуы көппәтерлі тұрғын үйлерді кәсіптік басқару және күтіп ұстау салаларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Жалпы алғанда, аталған іс-шаралар тұрғын үй қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді және еліміздің тұрғын үй қорының инвестициялық тартымдылығын арттырады.

ТКШ жаңғыртудың және дамытудың оңтайлы үлгісін белгілеу және осы салаға инновациялық технологияларды енгізу «ТКШ Қазорталығы» АҚ қызмет бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасында пайдалану үшін тұрғын үй қорын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерделеуде.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жалға берілетін тұрғын үйлердің айтарлықтай пулын басқарып отыр және ол «ТКШ Қазорталығы» АҚ бірлесіп, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, инфрақұрылым объектілеріне заманауи технологияларды енгізу, тұрғын үй ғимараттарының энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде екіжақты өзара пайдалы әріптестікті дамытуға ниетті. Бұл үшін компанияларда барлық қажетті мүмкіндіктер мен ресурстар бар»,- деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбай.

2017 жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бизнес пен адами капиталдың мобильділігі үшін заманауи және жайлы жағдайлар жасауды қамтитын 2018-2027 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын бекіткен болатын.

Анықтама үшін:

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес 2009 жылы құрылыды.

2018 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ дағдарысқа қарсы бағдарламадан және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының операторынан қызметі отандық экономиканың әлеуетін дамытуға, бизнесті дамыту үшін жағдай жасауға,  халық пен адами капиталдың мобильділігін, логистиканы және Қазақстанның аумақтық дамуын қолдауға бағытталған  тиімділігі жоғары компанияға сапалы көшуді жүзеге асырып жатыр.

Қосымша ақпарат үшін компанияның баспасөз қызметіне мына телефон арқылы хабарласуыңызды сұраймыз: +7-7172-999449 (ішкі 1229) (Кәрібжанова Алтынай), email a.karibzhanova@zhkh.kz

Сурет ашық ақпарат көзінен алынды

14 февраля 2018
Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы салалар инвестиция үшін тартымды бола түсті

2017 жылдың 9 айында Қазақстанға 15,8 млрд. доллар инвестиция тартылды.  Ол 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға артық. Бұл туралы министрліктің алқа мәжілісінде баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы салалар инвестиция үшін тартымды бола түсті.

«Егер 2009 жылы алғашқы бесжылдықтың басында ТШИ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі барлығы 8,5%-ды құраса, бүгінгі күні өңдеу өнеркәсібіне шетел инвестициясының төрттен бір бөлігі келеді (2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша - 22,8%)»,-деп атап өтті вице-министр.

Биыл Министрлік Ұлттық Инвестициялық Стратегияны іске асырудың белсенді кезеңіне көшеді. Онда іске асыру үшін 45 іс-шара жоспарланған. Бұдан бөлек, ҚР ИДМ инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыра береді.

«55-56 қадамдарды («100 нақты қадам» Ұлт жоспары) іске асыру аясында экономиканың басым секторларында жалпы сомасы шамамен 300 млн. доллар болатын 7 жобаның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, жалпы сомасы 4 млрд. доллар болатын 12 жоба әзірленуде. Бұл жобалардың инвесторлары ірі трансұлттық компаниялар»,-деді Арыстанбек Қабыкенов.

Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, индустрияландыру мен инвестиция саласындағы ынтымақтастық аясында бірлескен Қазақстан-Қытай жобаларын іске асыру жалғасатын болады. Биыл жалпы құны  363 млн. доллар болатын 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр және жалпы құны 623 млн. доллар болатын 5 жаңа жобаның құрылыс жұмыстары басталмақ.

14 февраля 2018
ҚР ИДМ 2017 жылдың қорытындысын шығарып, 2018 жылдың міндеттерін белгіледі

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алқа мәжілісі өтті. Онда 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жүктелген негізгі міндеттерді орындаудың бағыттары айтылды. Отырысқа орталық мемлекеттік орган басшылары, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президент Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, «Бәйтерек» ҰБХ өкілдері, Министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері, облыстардың және Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің индустриалды-инновациялық мәселелер жөніндегі орынбасарлары, Министрлікке бағынысты аумақтық бөлімшелер мен ұйымдардың басшылары қатысты. Индустрияландыру бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 5,1%-ға өсті.  

«Негізінен өндіріс көлемінің өсімі металлургия (+5,9%), азық-түлік өндірісі (+4,1%), мұнай өңдеу (+5,0%), химия өнеркәсібі (+7,2%), фармацевтика (+41,8%), жеңіл өнеркәсіп (+7,3%), машинажасау (+5,6%), құрылыс материалдары өндірісі  (+ 3,7%) есебінен артып отыр.     2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 10,3%-ға өсті (22,3 мың АҚШ долл./адам).2017 жылдың 11 айында өңделген өнім экспорты 22,1%-ға артып, 14 млрд. АҚШ долларын құрады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестиция  4,7%-ға өсті (981,6 млрд. теңге)»,- деді ҚР Инвестициялар және даму министрі.          

2017 жылы Индустрияландыру картасы аясында 1,5 трлн. теңгенің 120 жобасы іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Биыл жалпы сомасы 1 трлн. теңге болатын 150-ден астам жобаны іске қосып,  15 мың жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта Индустрия 4.0-ге көшу үшін бастапқы қажетті жағдайлар жасалды. Биыл цифрландыруды ынталандыруға қатысты кейбір қолдау шараларын ішінара қайта қарау жоспарланып отыр (Кәсіпорындардың шығындарын өтеу кезінде шығындардың түрлерін анықтау, гранттар беру, қол жетімді несие капиталы және т.б.).

2018 жылғы Жолдауда жүктелген тапсырмаларға сәйкес, инновация және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жаңа жаһандық технологиялық үрдістерді ескере отырып, жыл аяғына дейін «цифрлық дәуір» өнеркәсібінің қалыптасуына бағытталған Индустрияландырудың үшінші бесжылдығы Тұжырымдамасы  әзірленеді.

2017 жылы инвесторлар үшін басым секторларда қолданыстағы инвестициялық ынталандыру мен жеңілдіктер шеңберінде 100-ден астам жоба преференция түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл инвестиция тарту мәселесі күшейтілетін болады. Жалпы индустрияландыру жылдарында (8 жыл) өңдеу секторына 28 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. 2017 жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібінің ТШИ-дегі үлесі 24%-ға дейін өсті»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Қазақстан ірі экспорттаушы елдер арасында 53-ші орынды иеленеді. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің өнімі 122 елге экспортталады.

Анықтама үшін:2017 жылдың 11 айында экспорт 31,6% өсіп, 43,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Импорт көлемі 15,8% артып, 26,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан нарығындағы экспорттың үлесі: ЕО 50%, Қытай 12%, ЕАО 11%, СА 5%.

Қазақстан мыс, титан, ферроқорытпа, сары фосфор, ұн, мақта майы, бидай, зығыр тұқымын жеткізу бойынша әлемде көшбасшы ел.

Министрлік жер қойнауын пайдалану құқығын Австралиялық модель бойынша жеңілдетті. 2017 жылы 58 объектіге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізілді (56 объект бойынша аукцион өткізілді), жазылым бонусының жалпы сомасы 3,7 млрд. теңгені құрады.

Анықтама үшін: 2017 жылы алтын қорының өсуі 35 тонна, күміс - 25 мың тонна, уран - 14 мың тонна, вольфрам - 70 тонна, мыс - 1,1 млн. тонна, жер асты сулары - 43 мың м3/тәулігіне.

2015 жылдан бастап Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдаудың жалпы көлемі 60% -ға дейін артты (2015 жылы - 212 мың ЖФЭ, 2016 жылы - 245 мың ЖФЭ немесе 15%, 2017 жылы - 347,5 мың немесе 41%).

«Жыл сайын Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлер саны екі есеге артатын болады (2015 жылы - 47,4 мың ЖФЭ, 2016 жылы - 104,6 мың ЖФЭ, 2017 201 мың ЖФЭ). 2020 жылы бәсекеге қабілетті тарифтік ставкалар құру нәтижесінде серіктес елдермен келісілген іс-қимылдар жасау нәтижесінде транзиттік трафиктегі контейнерлік қозғалыс көлемін 2 млн. ЖФЭ-ге дейін немесе 10 есеге (2015 жылы 212 000-ға дейін) ұлғайту жоспарлануда»,-деп атап өтті министр.

2017 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 602 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жаңғыртылды. 2018 жылы республикалық маңызы бар 528 шақырым автожолды реконструкциялау жоспарланып отыр.

2017 жылғы тұрғын үй құрылысы жалпы ауданының физикалық көлем индексі 106,2%-ды құрады. «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 100,8 мыңнан астам отбасы баспаналы болды.    

 

14 февраля 2018
2018 жылы 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарланып отыр

Ауқымды тұрғын үй құрылысы құрылыс индустриясының дамуына және отандық құрылыс материалдары өндірісінің өсіміне мультипликативтік әсер берді. Бұл туралы министрліктң алқа мәжілісінде Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, құрылыс материалдары өндірісінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға өсіп, 440 млрд. теңгеден астам соманы құрады.

«11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы жаңа тұрғын үйге қол жеткізді. Бұл өткен жылдың рекордтық көрсеткіші. Яғни, 2016 жылмен салыстырғанда, 6,2%-ға артық. Жылдық жоспарға орай жалпы тұрғын үйлерді пайдалануға беру 111%-ға орындалды (жоспар 10,1 млн. шаршы метр). Тұрғын үйлерді тапсыру бойынша алдыңғы қатарда Астана (2,4 млн. шаршы метр) және Алматы (1,9 млн. шаршы метр) қалалары, Маңғыстау (833 мың шаршы метр) және Ақтөбе (792,3 мың шаршы метр) облыстары тұр»,-деп атап өтті вице-министр.

Тұрғын үйді уақытылы іске қосу мақсатында, өңірлерге жаппай тұрғын үй құрылысы аудандарына қажетті инфрақұрылым жүргізу үшін 77,3 млрд. теңге мемлекеттік инвестиция бөлінді. Көппәтерлі және жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына 3,6 мың км астам желілер тартылды, 70 мыңнан астам жеке тұрғын үйлерге арналған жер учаскелері желілермен қамтамасыз етілді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке банктерді тартып, оларды ынталандыру үшін халықтың ипотекаларын және құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктері іске асырылып жатыр. Бұлтетіктер оң әсер етті және жеке банктердің кредит беруін 24,7%-ға (73 млрд. теңгеден 91 млрд. теңгеге дейін) арттыруға мүмкіндік берді.

13 февраля 2018
ҚР ИДМ автожол құрылысына бөлінетін қаржының тиімділігі мен ашықтығына бақылауды күшейтеді

Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы және биылғы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Үкіметтің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары аясында өз жұмысын келесі негізгі бағыттар бойынша жүргізеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында автожолдарды салуға бөлінетін қаржының тиімділігі мен ашықтығын бақылау күшейтіледі.

«Биыл республикалық маңызы бар 4 мың шақырымнан астам жолды және жергілікті желідегі 2,5 мың шақырым жолды реконструкциялаймыз.

Сонымен қатар, өңірлік мобильділікті жетілдіріп, жергілікті желідегі жолдардың сапасын арттыру үшін облыстық әкімдіктермен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттен жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды 60 млрд. теңгеге арттыру мәселесі қаралды»,-деді Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Жалпы, орта мерзімді уақытта жергілікті желіні дамытуға жыл сайын 150 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр. Ол жыл сайын 5000 шақырымға дейінгі жолды жөндеуге және 2025 жылы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 85%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, биыл министрлік «Нұрлы жер» бағдарламасын одан әрі іске асыру тетіктерін қайта қарастырады.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы Жолдауында жүктелген тапсырмаларды іске асыру аясында сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік стандарттарды жетілдіру жұмыстары басталды.

«Тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында арзан құрылыс және ипотекалық несие беру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 2030 жылға қарай 30 шаршы метрге дейін жеткізу көзделіп отыр. Коммерциялық банктер биыл құрылыс салушыларға 125 млрд. теңгеге субсидияланған несие мен 105 млрд. теңге ипотекалық несиелер беретін болады»,-деді министр.

Банк секторын жаңғырту несие берудің жыл сайынғы көлемін 350 млрд. теңгеге дейін жеткізуге және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің экономикалық белсенді салымшыларының үлесін 12%-ға дейін өсіруге мүмкіндік береді. 2018 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Фото мұрағаттан алынды 

12 февраля 2018
Бейжіңде индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі талқыланды БЕЙЖІҢ

Бейжіңде индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысы өтті, «Казинформ» хабарлайды.

Қазақстандық делегацияны ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов, Қытай тарапын ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары  Нин Цзичжэ басқарды.

Тараптар 2015 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бағдарламасының (51 жоба) іске асырылу барысын талқылады. Тараптар Қытай Даму Банкінің, Жібек жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық бағдарламасының әзірленуі барысын талқылады, сондай-ақ, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылдарды дамыту жайында пікір алмасты.

«Біз қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның даму бағдарламаларын одан әрі сәйкестендіру мәселелерін зерттеп жатырмыз. Осы тұрғыдан алғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы өте қызықты, оны біз мұқият зерделеп шықтық, ол цифрландыру, индустрияландыру, таза энергия көздерін дамыту және басқа да салалардағы екі ел арасындағы өзара іс-қимыл үшін елеулі мүмкіндіктер ашады», — деді Қытай даму банкінің жоспарлау департаменті директорының орынбасары Ху Дуншэн.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын қарастырып, біз сіздердің елдеріңіздің өнеркәсіптік инновацияларды, жасыл экономиканы және басқа да жетекші салаларды дамыту бойынша маңызды жоспарларыңызға назар аудардық. Біз адамзаттың индустриалды саладағы реформаларды талап ететін, жаңа кезеңге аяқ басқанымен келісеміз», - деді ҚХР (ДРІМК) Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары  Нин Цзичжэ индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Қытай бірлескен комиссиясының 14-ші отырысында.

Нин Цзичжэ ДРІМК пікірінше, Қазақстандағы өткізіліп отырған реформаның ең негізгі ерекшеліктері ретінде, индустрияландыру мәселелерінің Интернетті, цифрландыруды, жасыл және «ақылды» технологияларды дамытумен тығыз байланысы екендігін атап өтті.

 «Қытай да Қазақстан тәрізді экономиканың осы салаларының дамуына басты назар аударады – бізде «Қытайда жасалынған -2025» және «Интернет+» бағдарламалары әзірленген. Қазіргі таңда қытайлық смартфондар әлемде жетекші позицияларға шыға бастады. Және біз, өзіміздің тәжірибемізбен бөлісуге, цифрландыруды және «ақылды» технологиялар саласындағы жобаларымызды Қазақстандағы өндірістік қуаттылықтарды дамыту бірлескен бағдарламасына дайынбыз», - деп атап өтті ол.

Айта кететіні, ҚХР Даму және реформа істері мемлекеттік комитеті – құзыретіне макроэкономикалық реттеу, орта жән ұзақ мерзімді даму стратегиясын анықтау, баға саясаты (оның ішінде, баға монополиялары келісімдері бойынша тексерулер), аймақтардың дамуына көмектесу, ҚХР экономикасының салалық құрылымын жақсарту, қытай инвесторларының негізгі шетелдік инвестициялық жобаларын және ҚХР маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға рұқсаттар бру, экономиканың тұрақты дамуы стратегиясын жүзеге асыру кіретін ҚХР Мемлекеттік кеңесі комитеті болып табылады.

Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы Қазақстан–Қытай ынтымақтастығы мәселесі шеңберінде, жалпы сомасы 26,2 миллиард доллардан астам 51 бірлескен ауқымды жобаларын жүзеге асыру қарастырылып отыр. Бұлар химия өнеркәсібі, тау-кен-металлургиясы секторындағы, машина құрастыру, инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, мұнай өңдеу, құрылыс материалдары өндірісі және ақпараттық технологиялар салаларындағы жобалар.

Сонымен қатар, Бейжіңге екі күндік сапар аясында Арыстан Кенжетайұлының China Power International Holding, China Telecom, Shanghai Electric Corp., YTO Group, COSCO Shipping Lines, NFC, NORINCO International және т.б. сияқты ірі қытайлық инвестор компаниялардың басшыларымен В2В кездесулері жоспарланған.

Ақпарат көзі: kazinform

 

 

 

 

 

 

08 февраля 2018
«Kazakh Invest» Корея бизнесмендерімен кездесу өткізеді

Ақпан айында Астанада Оңтүстік Кореядан келген инвесторлармен кездесу өтеді. Іс-шарада елдегі бизнесті жүргізу жағдайын жақсартудың өзекті мәселелері қаралады.Бұл жөнінде «KazakhInvest» АҚ Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен Қазақстандағы Корея Республикасының Елшісі Ким Дэсик Астанада өткен кездесу кезінде келісті.

Бұдан бөлек, көктемде екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты белсендіру мақсатында Сеулде Қазақстан-Корея іскерлік кеңесі өтеді. «KazakhInvest» басымдыққа ие инвестициялық жобаларды, қабылданған Ұлттық инвестициялық стратегияға сәйкес қолдау құралдарын, соның ішінде ұлттық компания тарапынан заңнамалық және әкімшілік қолдау шараларын ұсынады.

Өз кезегінде Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі іскерлік кеңес отырысына біздің елге инвестиция салуға мүдделі Оңтүстік Кореяның перспективалы компанияларын шақыруға көмектеседі, деді Елші Ким Дэсик.

Кездесу барысында Сапарбек Тұяқбаев пен Ким Дэсик мұнай-химия, медицина, ауыл шаруашылығы және т.б. салалар бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.

Бірлескен әлеуетті жобалардың бірі – Атырау облысында бірлескен газ-химия кешенін салу. Аталған жобаны іске асыруға Оңтүстік Кореяда 18 жеке зауыттан тұратын және шетелде 52 филиалы бар, ірі көлемді энергетикалық және мұнай-химия зауытын басқаратын «Hanwha Total Petrochemical» компаниясы қызығушылық танытты.

Анықтамалық: Корея инвестиция тарту мақсатында Қазақстан үшін 11 басымдыққа ие елдердің тізіміне кіреді. Қазақстанға Кореядан тікелей шетелдік инвестициялардың тартылуы 2005 жылдан 2017 жылдың І жартыжылдығы арасында 4 570,7 млн АҚШ долл. құрады.

Фото ашық ақпарат көзінен

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы