Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қашықтан оқыту
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
19 марта 2018
Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Үкіметтің биылғы ақпан айындағы кеңейтілген отырысында жариялаған  аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағыттарын ескере отырып, Қазақстан республикасының Елшілігі 11-15 наурызда «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясымен» бірлесіп, Қазақстан ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің Нидерланд Корольдігіне сапарын ұйымдастырды.

Сапар барысында отандық кәсіпкерлер Нидерландтың ірі жоғары технологиялық ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарын аралап, заманауи үдерістермен және технологиялармен танысты.

«Ауылшаруашылық саласындағы озық технологиялық инновациялар» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында, нидерландтық 60 кәсіпкерге Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласының инвестициялық ахуалы мен әлеуеті таныстырылып, келешек ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Еуропалық қайта құру және даму банкі менеджері Әсел Айтқожина өз сөзінде Қазақстанның бизнес әлеуетінің тартымдылығына баса мән беріп, ЕҚҚДБ-ның қазақстандық инновациялық жобаларды қаржыландыру мүмкіншіліктерін атап өтті. «B2B» үлгісінде өткен арнайы сессияда қазақстандық кәсіперлер нидерландтық ықтимал серіктестерімен тақырыптық келіссөздерін одан әрі жалғастырды.

«Нидерландқа жасалған сапар ауылшаруашылық саласындағы заманауи озық технологиялар мен мүмкіншіліктерге жаңа қырынан қарауға себеп болды. Нидерландтық компаниялар мен іскерлік ынтымақтастықтың және ауыл шаруашылығын жүргізудегі озық технологияларды енгізудің зор мүмкіншіліктері барына көзіміз жетті»,- деді «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев.

Сапардың басты нәтижелерінің бірі – ҚР-да Нидерландтың жетекші «Вахенинген» ғылыми-зерттеу орталығының қатысуымен аграрлық парк кешенін құру мүмкіншілігі болды. Парк құру Мемлекет басшысының қазақстандық агросекторды дамытуға қатысты белгілеген тапсырмасына сай келіп, Қазақстанда ауылшаруашылық саласындағы жоғары технологиялық және тиімді кластерді дамытуға негіз бола алады.

«Қазақстанның ауылшаруашылық әлеуеті зор. Нидерланд  тарапы  кешенді өндірістік кластерге қажет технологияларға ие. Аталған екі факторды біріктіру ынтымақтастықтың өзектілігі мен тиімділігін арттырады», - деді «Вахенинген» университетінің агропарк және тағамдық кластер саласының маманы Питер Смитс.

Айта кетерлігі, Нидерланд АҚШ-тан кейінгі әлемдік ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушы. Жыл сайын 80 млрд. еуродан астам сома көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін экспорттап, елдің Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызын құрап отыр.

Сапар Қазақстан – Нидерланд Іскерлік Кеңесі атынан Нидерланд «VNO-NCW» өнеркәсіп иелері мен жұмыс берушілер Конфедерациясы, «RoyalDutchShell» және «ERG» компанияларының қолдауымен ұйымдастырылды.

19 марта 2018
ЭЫДҰ Кеңесі Болат комитетіне кіру жөніндегі Қазақстанның өтінімін мақұлдады

2017 жылғы 28-29 қыркүйегінде болған Қазақстанның болат саласындағы саясатына алдын ала шолу таныстырылымының нәтижесі бойынша Болат комитетінің Хатшылығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) Кеңесіне Қазақстанды қауымдастырылған мүше ретінде шақыруға ұсыну шешімін қабылдады. ЭЫДҰ Кеңесінің өтінімді мақұлдағаны туралы бүгін белгілі болды.

Қазақстанның ЭЫДҰ Болат комитетінде «Қауымдастырылған мүше» мәртебесін алу Ынтымақтастық бойынша елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес жоспарланған болатын.

Қазақстан тарапы Болат комитетіне кіру үшін 5 жылдан астам уақыт үлкен жұмыстар атқарды. Бұл бағытта жұмысты Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасы, сондай-ақ «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ атқарды. Елдегі болат саласы бойынша талдау жұмыстары, саладағы орта және ұзақ мерзімді мақсаттар туралы, сондай-ақ толтырылған сауалнама мен сұранымдар жолданды.

ЭЫДҰ Болат комитетінде Қазақстанның қатысу мәртебесін жоғарлату - болып жатқан оқиғалардың жағдайын білуге, оның өрістеуін байқауға және нарықтың өзгерулеріне уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл әлемдегі қара металлургияның дамуына қатысты түрлі мәселелерді басқа болат өнімінің ірі өндіруші елдерімен тең құқықта шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, ЭЫДҰ-ның аса ірі зерттеулер мен аналитикалық материалдарына араласа алады.

ЭЫДҰ 1961 жылы құрылған, оған 35 ел кіреді. Оның ішінде Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және Австралия бар. ЭЫДҰ мүше-мемлекеттерінің үлесіне әлемдік болат өндірісінің 45% және әлемдік болат экспортының 75%-дан келеді.  

16 марта 2018
Қазақстан мен Финляндия BIM-технологиясын құрылыс саласына енгізу бойынша ынтымақтасуды жоспарлап отыр

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, Finnish Business Hub және «Collaprime» фин компаниясы кездесу өткізіп, жобалау, тұрғын үй және әкімшілік ғимараттарды, сондай-ақ қолданыстағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының құрылысын салуда BIM-технологиясын енгізу бойынша бірлесіп жұмыс атқару жолдарын талқылады.

«Collaprime» - интеллектуалды 3D үлгілерін пайдалану негізіндегі ғимараттарды ақпараттық модельдеуде BIM-технологияларын енгізу бойынша 2016 жылғы Финляндияның үздік компаниясы болып табылады, сондай-ақ, бірнеше халықаралық сыйлықтардың иесі. Мамандар осы технологияның арқасында сәулет элементтерін, инженерлік жүйелер мен құрылыс конструкцияларын жобалау бойынша ғимараттарды және инфрақұрылымды тиімді жоспарлау, жобалау, салу және пайдалану мүмкіндігін арттыра алады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ еншілес ұйымдары – "ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС (ТКШД ҚазҒТО ЖШС), «Үлгілік және тәжірибелік жобалаудың ғылыми-зерттеу институты (Тұрғын үй институты)» ЖШС  (ҮТЖҒЗИ) және «Астана Қызмет» БК» ЖШС BIM-технологияларын энергиялық жобалау кезінде қолдану мүмкіндігін талқылады, ол жобалаудың ерте кезеңдерінде негізсіз және қате қабылданған техникалық шешімдерді жою мүмкіндігі талқыланды.

«2020 жылдан бастап Қазақстан толығымен еуропалық құрылыс стандарттарына негізделген жаңа құрылыс нормаларына ауысатын болады. Яғни, «Collaprimе» компаниясымен бірлестігіміз ақпараттық модельдеуді дамытуға айтарлықтай үлес қосуы мүмкін. Жақын арада бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз», - деді «ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Умербаев.

«Collaprime» Бас директоры Тони Линквис компанияның BIM-технологияларын енгізу және қазақстандық мамандарды оқыту бойынша үлкен жоспарлары бар екендігін айтты.

«Біз өз тәжірибемізге сүйеніп Астанада BIM технологиялары бойынша арнайы құзіреті бар орталық құруды жоспарлап отырмыз. Бұл нысан құрылысының алғашқы құрылыс кезеңі басталып жатқанда-ақ тұтынушыларға, дизайнерге және құрылысшыларға жоба пайдалануға берілген кезде қандай болатынын алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Бұл барлық тараптар үшін ортақ көзқарас қалыптастырып, құрылыстың құнын және уақытын қысқартуға сеп болады», - деп атап өтті Тони Линквист.

«Финляндияның BIM-технологиясын толыққанды пайдаланып келе жатқанына шамамен 30 жыл болды, біз Қазақстанда үш жыл ішінде, яғни 2020 жылға қарай көшуді жоспарлап отырмыз. Осы мақсаттағы бірлескен жұмыс BIM технологияларын енгізуде финдердің жіберген қателіктерін Қазақстанда қайталамауға мүмкіндік береді, - дейді Finnish Business Hub директоры Мұхтар Манкеев.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі 2017 жылы құрылыс нысандарын жобалау кезінде құрылыс алаңдарын жобалауда ақпараттық моделдеу технологиясын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Қазақстан Республикасының құрылыс индустриясының ақпараттық модельдеу технологиясына көшу тұжырымдамасы, сондай-ақ кейбір нормативтік-техникалық құжаттар әзірленді. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің базасында саланы ақпараттық моделдеуге көшу туралы ұсыныстарды дайындау және мониторинг жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Анықтама үшін:

«Collaprime» – интеллектуалды 3D үлгілерін пайдалану негізінде ақпараттық модельдеуді құруды қамтитын бағдарламалық жасақтаманы әзірлейтін жетекші фин компаниясы. «Collaprime» 2016 жылы Финляндиядағы BIM-технологиялар саласындағы ең үздік BIM-жобасының жеңімпазы, сондай-ақ «Global» сыйлығының лауреаты. Қазіргі уақытта, компания BIM-технологиялары бойынша шамамен 50 жобаны (атомдық электрстанциясы зауытын салу кезінде Росатом және Fennovoima компаниясының инженерлері мен дизайнерлерімен өзара қарым-қатынас жасау, Финляндиядағы аурухана, университеттердің және бизнес-орталықтардың 5D-модель және т.б.) аяқтады.

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

"Тұрғын ұй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы" ЖШС (ТКШД ҚазҒТО" ЖШС) Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың кешенді ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. ТКШ ҚазҒТДО қызмет түрлері: инновациялық ресурстарды үнемдейтін технологияларды, материалдарды, техникалық және басқару шешімдерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы озық тәжірибені енгізу, саладағы іргелі және қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерге қатысу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мамандарының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды жүргізу және басқалар.

«Үлгілік және тәжірибелік жобалаудың ғылыми-зерттеу институты (Тұрғын үй институты)» ЖШС  (ҮТЖҒЗИ) 1964 жылы құрылған «Астанагорпроекттің» мирасқоры болып табылады. 3D-технологияларды қолданатын тұрғын үй және азаматтық нысандарды жобалауда көшбасшы. НИИТЭП елорданың бірқатар маңызды нысандарын: «Астанадағы Қазақстандағы концерт залы», «Астанадағы теннис алаңы», «Думан» ССО және тағы басқалар жасады. 50 жыл ішінде НИИТЭП 2000-нан астам объектілерді әзірледі. Қазіргі кезде, компанияның тапсырыстар портфелінде облыстық және республикалық ірі нысандар бар, соның ішінде 3D технологияларды қолдана отырып әзірленген және жобаланып жатырғандары бар.  

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ баспасөз қызметі: Кәрібжанова Алтынай, +7-7172-999449 (ішкі 1229), a.karibzhanova@zhkh.kz

 

15 марта 2018
Елімізде жыл басынан бері әуе көлігімен бір миллионнан астам жолаушы тасымалданды

Қазақстан Республикасының авиациялық тасымал саласындағы жолаушылар ағынының өсімі артып келеді. Биылғы қаңтар-ақпан айларында әуе тасымалы жолаушыларының саны 1 090,3 мыңға жетті, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (911,0 мың адам) 20%-ға артық.

Анықтама үшін: Өткен жылы әуе көлігімен 7,4 миллион жолаушы тасымалданды. 2017 жылғы жолаушылар ағынының өсу қарқыны 23%-ды құрап, соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Транзиттік жолаушылар тасымалы 30%-ға, жүк тасымалы 24%-ға артқан.

15 марта 2018
ҚР ИДМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талқыланды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Жауапты хатшы Замир Сағыновтың төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сыртқы сараптау мен бағалауды іске асыратын арнайы мониторинг тобының отырысы өтті.

Отырысқа министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ бейне конференция байланыс режимінде министрлік комитеттерінің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Муксимов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко, «Әскери спортты қолдау одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жалғас Әлибаев баяндама жасады.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шаралар аясында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы пікір алмасылды.

Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың ұсынымдары берілді.

13 марта 2018
«7-20-25» бағдарламасын тиімді іске асыруға ықпал ететін механизмдер іске қосылады

Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасы бойынша  ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жол картасының 2 тармағының негізгі орындаушысы. Бұл туралы Үкімет отырысында Мемлекет басшысы айтқан бес бастаманы іске асыру жөніндегі жол картасына қатысты баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ұлттық банк әзірлеген механизмдерді есепке ала отырып, сәуір айында «Нұрлы Жер» бағдарламасына өзгерістер енгізілмек.

«Енгізілетін өзгертулер «7-20-25» бағдарламасының нормаларын тиімді іске асыруға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұрғын үй займдарын беру параметрлері қайта қаралады»,-деп атап өтті министр Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, жеке құрылыс салушыларға арналған құрылыс алаңдарын дайындау үшін тұрғын үйге қатысты инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыруды жыл сайын 80 млрд. теңгеден 100 млрд. теңгеге дейін арттыруды қарастыру ұсынылады.

«Бұл ұсыныс қолдау тапса, біз Қаржы министрлігінің қарауына 20 млрд. теңгенің қосымша бюджеттік өтінімін ұсынуға дайынбыз»,-деді министр.

Президенттің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» Үшінші бастамасына қатысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жол картасы бойынша қосымша орындаушы болып табылады.

«2015 жылы бес климаттық шағын аудан бойынша 5, 7 және 9 қабатты жатақханалардың 104, 184 және 244 орынға арналған типтік жобалары әзірленді. Жобада бір орынды (10,9 шаршы метр) және екі орынды бөлмелер (13,4 шаршы метр) қарастырылған. 1 шаршы метрінің құны 138,4 мың теңгеден 150,9 мың теңгеге дейін болады. Бекітілген типтік жатақхана жобаларының электронды нұсқалары іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Білім және ғылым министрлігіне қажетті құжаттар ұсынылады»,-деді министр.

Сонымен қатар, Жол картасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бастамасы бойынша министрлікке шілде айында «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысына  Жобалық-сметалық құжаттаманың Мемлекеттік сараптама қорытындысын беру тармағы жүктелді. Жалпы, Жобалық-сметалық құжаттама белгіленген мерзімнен бұрын енгізілсе, министрлік тез арада қарап, тиісті қорытындысын шығаруға дайын.

Фото ашық ақпарат көзінен

06 марта 2018
Жол бойындағы жаңа қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат GoogleMaps, Яндекс Карта, IRU Transpark картасына енгізіледі

Бүгінгі күні инвентаризацияның қорытындысы бойынша қызмет көрсететін нысандардың саны 1 859. Олардың 33%-ы (618) Ұлттық стандартқа сай келеді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, өткен жылы (Жергілікті атқарушы орган, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы, бизнестің ірі субъектілері) қызмет көрсету нысандарын Ұлттық стандартқа сәйкестендіру, Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мәселелері бойынша Жұмыс топтары құрылды.

«Қызмет көрсету нысандарын дамытудың іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша қолданыстағы 113 нысан жаңартылып, 22 нысан жаңадан салынды. Жалпы, 2017 жылы Ұлттық стандартқа сай келетін нысандар саны 135-ке жетті. Сонымен қатар, «KazWаy» модульдік сервисінің 2 павильоны орнатылды»,-деді министр.

Биыл 200 нысанды жаңалап, 36 нысанды салу жоспарланып отыр. 2018 жылдың соңында Ұлттық стандартқа сай келетін нысандар санын 818-ге дейін жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, GoogleMaps, Яндекс Карта, IRU Transpark картасына қызмет көрсету нысандары туралы ақпаратты енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Фото ашық ақпарат көзінен

03 марта 2018
ҚазҚСҒЗИ құрылыста ақпараттық модельдеуді дамыту туралы бірқатар келісімдер жасады

Алматы қаласында Инвестициялар және даму вице-министрі Кайрбек Өскенбаевтың, Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті басшылығының, Ресей, Беларуссия, Литва елдерінен келген  делегаттардың қатысуымен халықаралық конференция өтті. Онда құрылысқа ақпараттық модельдеуді (бұдан әрі – «ВІМ») енгізудің тәжірибесімен алмасты. Технология қағаз сызбаларын алмастыратын ғимараттарды үш өлшемдік цифрлық жобалаудың жаңа форматын ұсынады.

Конференция барысында құрылыс саласының өкілдері жобалауда, құрылыста және пайдалануда ВІМ-ді, сондай-ақ жаңа ВІМ-бағытталған халықаралық жіктеуші жүйені практикалық қолданудың проблемалық мәселелерін талқылады. Жасанды интеллект, құрылыс объектілеріне арналған заттар интернетін қолдану, «Ақылды» қала үшін семантикалық модельдерді құру тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және РСҚҒА ҚФҒЗИ Құрылыс министрлігі универститетінің Басқару және ақпараттық модельдеу институты арасында кәсіби стандарттарды бірлесіп әзірлеу және ақпараттық модельдеу саласында қосымша кәсіби білімді дамыту ниеттері туралы келісім жасалды. 

Конференция аясында ВІМ технологияларын толығымен қолдану, оның ішінде ғимараттарды тиімді пайдаланудан түсетін пайдалар, Жасанды интеллект негізіндегі шешімдер, «Заттар интернеті» және ІТ компаниялар мен «Стартап Қазақстан» бағдарламасын тарта отырып, экожүйені дамыту бағытында өзара әрекет ету бойынша ҚазҚСҒЗИ мен «Инновациялық Технологиялар Паркі» Автономдық Кластерлік Қорының серіктесітігі туралы келісім жасалды.

Конференция Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аясында өтті. Ұйымдастырушысы Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ).

Іс-шараға құрылыс саласының 200-ге жуық өкілі қатысты. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-нан бөлек, «Мемсараптама» РМК, «Қала құрылыс кадастрі» РМК, AGA CAD Ltd, «Инновациялық Технологиялар Паркі» Автономдық Кластерлік Қорының (бұдан әрі – «ИТП» АКҚ), Autodesk Russia, РСҚҒА ҚФҒЗИ Құрылыс министрлігі универститеті Басқару және ақпараттық модельдеу институтының, «Росатом Центральная Азия» ЖШС, GRAPHISOFT, Renga Software, «ЛИРА софт» ЖШҚ,  KAZGOR ЖА, «ПСС ГРАЙТЕК» ЖШҚ, «Назарбаев Университеті» АБҰ «Салынып жатқан кәсіорындар дирекциясы» ЖМ, «ОДАС Сколково» ЖШҚ, «Орион Жүйе» ЖШС, "КАДФЕМ-Сибстрин" КМ ҒБО компанияларының басқарушылары мен сарапшылары баяндама жасады.

Жақын арада Қазақстанның мемлекеттік инвестиция тартылған барлық маңызды құрылыс объектілері ақпараттық модельдеу технологиялары бойынша жобаланатын болады. 2018-2019 жылдары құрылыс объектілері циклының әр сатысында, оның ішінде сараптау және пайдалану сатыларында ақпараттық модельдерге қойылатын талаптар бойынша стандарттар құрылады, деп жоспарланып отыр.

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ PR-қызметі:

+7(727) 2269410  ішкі 133

pr@kazniisa.kz

www.kazniisa.kz

27 февраля 2018
Қазақстанда жалпы сомасы 47,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын 145 инвестициялық жоба іске асырылуда

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «ҚазақИнвест» АҚ-мен бірлесіп жалпы сомасы 47,8 млрд. АҚШ долларын құрайтын 145 инвестициялық жобаның базалық тізімін жасады. Оның құрамында Қазақстан-Қытай, Қазақстан-Түрік («Жаңа синергия») және басқа да инвестициялық жобалар бар. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында Инвестиция тарту мәселелеріне арналған баяндамасында мәлімдеді.

«Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында жалпы сомасы 27,7 млрд. АҚШ доллары болатын 51 жоба іске асырылуда. Қазіргі уақытта 140 млн. доллар болатын 4 жоба іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша 2018 жылы 11 жобаныңқұрылысы жүреді. Жалпы сомасы 363 млн. доллар болатын 6 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Биыл қытай капиталының қатысуымен 5 жобаның құрылысы  басталады. (Қарағанды облысындағы өнеркәсіптік жарылғыш заттар өндіретін зауыт құрылысы - $ 25 млн, Қызылорда облысындағы кальциленген сода өндіру - $ 265 млн және т.б.). Ондағы инвестиция көлемі 623 млн. долларды құрайды»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Қазақстан мен Түркия арасындағы бірлескен «Жаңа синергия» бағдарламасы аясында іске асырылатын 26 жоба бар. (Оңтүстік Мойынты алаңындағы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жоба CalikHoldingкомпаниясы - $10 млн.;алюминий және пластмассалық пішіндер өндірісін қайта инвестициялаумен айналысатын GOLD Aluminiumкомпаниясы -$5,5 млн.).

«Бүгінгі таңда жалпы сомасы 3,5 млн. доллар болатын бір жоба іске асырылды. Биыл 15,5 млн. доллар болатын 2 жобаның құрылысы басталады. Ал, қалған жобалар пысықталу үстінде. Сондай-ақ, базалық тізімге Мемлекет басшысының шет елдерге жасаған іссапары аясында келісілген басқа да инвестициялық жобалар енгізілді. Жалпы, 145 жобадан ағымдағы жылы 1,6 млрд.АҚШ доллары сомасына 15 жобаның құрылысын бастау (Етті қайта өңдеу, Inalca (Cremonini) (Италия) - 48 млн. АҚШ доллары; Экструдталған аралас жем,Phoenix(БАЭ) - 15 млн. АҚШ доллары; жоғары сападағы әк өндірісі,Carmeuse Group (Бельгия) (1-фазасы) - 70 млн. АҚШ доллары; керамикалық зауыт,Yildizlar (Түркия) - 128 млн. АҚШ долларыжәне т.б.)және 3 млрд. АҚШ долларысомасына 23 жобаныіске қосу(табақ әйнекті өндіру және өңдеу зауытының құрылысы, Orda Glass (АҚШ) - 197 млн. АҚШ доллары, азық-түлік өндірісі, Mareven (Жапония/Вьетнам) - 50 млн. АҚШ доллары, металлургиялық зауыт Sin Yuan Steel (Амир-А)(ҚХР) - 40 млн. АҚШ доллары және т.б.) жоспарланып отыр»,-деді министр.

Министрлік Ұлттық инвестициялық стратегияны іске асырудың белсенді фазасына көшті.

«2018 жылы  45 іс-шараны орындау жоспарланып отыр. Орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және жергілікті атқарушы органдардың көпшілігі жұмылдырылатын болады. Визалық және көші-қон режимдерін, шетелдік жұмыс күшін тарту шарттарын, сондай-ақ салық және кеден заңнамасын жетілдіру бойынша жұмыс жалғастырылады»,-деді министр. 

Базалық тізілімге Қазақстанға инвестициялауға дайын шетелдік инвесторлардың жекелеген бастамалары да кірді. Министрлік базалық тізіліммен шектелмейді. Болашақта оған халықаралық қаржы институттарының (АДБ, ЕДБ, Дүниежүзілік банкі және т.б.) қаражаттары тартылатын жобалар, оның ішінде МЖӘ жобалары қосылады.

Фото мұрағаттан алынды

23 февраля 2018
Биыл ШҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 3 мыңнан астам пәтер салынады

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру аясында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездескенде мәлімдеді.

«Шығыс Қазақстан облысында 380,0 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 638 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 1347 жеке үй). 2017 жылы барлық қаржы көздерінен Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй құрылысына 39,0 млрд. теңге бағытталды»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында мемлекеттік қаржы көздерінен 19,7 млрд. теңге бөлінді (15,7 млрд. теңге жұмсалды, ал қалған қаржы биылғы өтпелі нысандарға бөлінеді). Мемлекеттік инвестициялар есебінен 101,7 мың шаршы метр тұрғын үй салынды (1624 пәтер).

«Биыл Шығыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарлама бойынша тағы 3064 пәтер немесе 185,2 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», - деді министр.

Жұмыс сапарының аясында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Сонымен қатар, «Өскемен ЖЭС» ЖШС, «Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ ұжымдарымен кездесті.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы