Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қашықтан оқыту
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
23 мая 2018
Индустрияландыру жылдарында Қазақстан экономикасының технологиялық кеңею көрсеткіші 30 позицияға көтерілді

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, Өнеркәсіп секторының дамуын, тұрақтылығын және әртраптандыруды сипаттайтын Қазақстан экономикасының құрылымы кеңейіп келеді.

«Экономиканың технологиялық күрделілігінің жалпы қабылданған индексіне сәйкес Қазақстан 2010-2016 жылдары өз жағдайын 30 позицияға жақсартты (92 орыннан 62 дейін). Бұл біздің әлемдік нарыққа неғұрлым бәсекеге қабілетті түрлі тауарларды өндіріп, экспортқа шығарғанымызды білдіреді. Қазіргі уақытта тартылатын тікелей шетелдік инвестицияларының әрбір төртінші доллары өңдеу секторына келеді, оның жалпы ағынының үлесі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 25% құрады»,-деп атап өтті министр.

Жалпы индустрияландыру басталғаннан бері (2010-2017 жылдары үшін) 6,1 трлн. теңге сомасына 1 148 жоба іске қосылды, 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды, соның ішінде 2017 жылы 1,5 трлн. теңгеге 120 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

«Мысалы, біз бұрын экспортқа толығымен кететін тек бокситтер мен глиноземді өндірсек, Қазақстандық электролиз зауытын іске қосу арқылы алғашқы алюминийді өндіру басталды – бұл екінші қайта жасау.

Өткен жылы «Giessenhaus» ЖШС жобасы аясында легирленген алюминийдің өндірісі бойынша 3-ші қайта жасауды бастадық. Осы жобамен алюминийден жасалатын автомобиль дискілерінің дайын өндірісі басталды»,-деді баяндамасында Жеңіс Қасымбек.

 Министрдің айтуы бойынша өткен жылы машинажасау саласында көлемі 914 млрд. теңге болатын өндірістің 5,6% өсіміне қол жеткіздік. 2010 жылмен салыстырғанда жалпы өндіріс көлеміндегі машина жасау үлесі 2,9-дан 4%-ға дейін өсті.

Машина жасау өнімдерінің ассортименті біздің елде бұрын ешқашан өндірілмеген жоғары технологиялы тауарлармен толықты. Мысалы, бұл алдыңғы қатарлы стандарттарға жауап беретін локомотивтер, электровоздар, жолаушылар вагоны, тау-кен және мұнай-газ қондырғылары. Салада General Electric, General Motors, Alstom, Talgo, LG және т.б. белгілі компаниялар жұмыс істейді.

23 мая 2018
ҚР ИДМ венчурлық қаржыландыру мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулерді таныстырды

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Парламент Мәжілісінің депутаттарына Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлық (тәуекелді) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын таныстырды. Заң жобасы Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әзірленді.

Министрдің айтуынша, заң жобасының мақсаты венчурлық қардыландыруды дамыту үшін құқықтық база құру және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту.

«Түзетулердің бірінші блогы венчурлық қаржыландырудың ерекшелігі болып табылатын қосымша ұғымдарды енгізуді көздейді. Венчурлық қорлар жасалуы мүмкін келісімдердің жаңа формалары енгізілуде. Сонымен қатар, қорлар мен портфельдік компаниялар опциондық келісімге және қорлар мен портфельдік компаниялар опциондық келісімге қол жеткізе алады. Сондай-ақ келісімшарттарда келісімшарттар мен кепілдіктер туралы ережелерді қамтуға болады, олардың бұзылуы инвесторға келісімшартты бұзуды және шығындарды өтеуді талап ету құқығын береді. Бұл венчурлық қаржыландыру үшін пайдаланылатын барлық арнайы келісімшарттық құралдар мен жобалар қазіргі уақытта азаматтық заңнамамен реттелмеген»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, түзетулер индустриялық-инновациялық қызметті қолдау шараларын толықтырып, венчурлық қорларға мемлекеттік қаржыландырудың жаңа тетігі болып табылады.

Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементі ретінде венчурлық қордың анықтамасы, даму институттары және басқа да ұлттық компаниялар арқылы венчурлық қорлар тарапынан тең қаржыландыру мүмкіндігі, тиімділікті бағалауға негізделген тәсілдерді енгізу мәселелері де қарастырылған.

«Заң жобасын қабылдау арқылы жеке венчурлық капитал нарығын ынталандыру, цифрлы және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйелерін дамыту, нақты сектордың инновациялық белсенділігін арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу интеллектуалды ресурстар ағынын көбейту сияқты жұмыстарды атқарамыз»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

21 мая 2018
Қытай инвесторымен қамыстан целлюлоза және қағаз өндіріп шығаратын зауыт салу жөнінде келісімге қол жеткізілді

Бүгін Астанада «Kazakh Invest» компаниясы басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қытайдың «Qifeng New Material» компаниясының басшысы Ли Хуфенгпен кездесті

Кездесу барысында қамыстан целлюлоза және қағаз өндіріп шығару жобасын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Инвестор жобаға кезең-кезеңмен 320 млн. АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Іске асырылған жағдайда қамыстан целлюлоза және қағаз өндірісінің көлемі жыл сайын 200 мың тоннаны құрайтын болады. Фабрикаға 2 мыңнан аса адам жұмысқа алынады деп жоспарланады. Өндірісте қағазды ағартудың хлор құрамынсыз экологиялық технологиясы  – ECF (Elementary Chlorine Free) маркерлеуімен қолданылатын болады.

«Qifeng New Material» өкілдері шетелдік компанияларға ұсынылатын инвестициялық преференциялармен танысты. «Kazakh Invest» компаниясының өкілдерімен бірлестікте жобаны іске асыратын орын таңдау үшін бірқатар өңірлерге бару жөнінде  келісімге қол жеткізілді.

Анықтама үшін: «Qifeng New Material» сәндік қағаз және тоқыма емес тұсқағаз жартылай фабрикатының әлемдегі ең ірі өндірушісі болып табылады. Өнімдері әлемнің 30-дан аса еліне экспортталады. Компанияның 212 ұлттық патенті және шешуші өнертабыстарға 18 патенті бар.

21 мая 2018
Қазақстандық мамандар финляндиялық әріптестерімен энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласында заманауи технологияларды дамытады

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен «ATTIVA OY» фин компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Ондағы мақсат энергияны үнемдеу саласындағы заманауи технологияларды дамыту және энергия тиімділігін арттыру.

«ATTIVA OY» ғимараттарға арналған энергия үнемдейтін үшінші буын технологиясын дамытуға маманданған алдыңғы қатарлы фин компаниясы. Тараптар Қазақстандағы ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру үшін компанияның тәжірибесін, инновацияларын, білімдерін қолдануды жоспарлап отыр және энергия тиімді аудандар мен әлеуметтік нысандар (мектептер, ауруханалар, балабақшалар және т.б.) үшін тұжырымдар әзірлейді. Құрылған жұмыс тобы іс-қимылдарды үйлестіріп, кездескен мәселелерді шешеді.

Белгілі болғандай, энергиямен қамтамасыз ету деңгейін сақтау кезінде энергия ысырабын азайту энергиялық тиімді технологияларды қолданудың мақсаты болып табылады. Мұндай технологиялар коммуналдық төлемдерді азайтып, табиғи ресрустарды үнемдеуді қамтамасыз етеді.

«Біз интеллектуалдық ЗД-модельдеуді пайдалануға негізделген BIM-технологияларды дамыту жөніндегі басқа да финдік компаниялармен бірге жұмыс істейміз. Енді ғимараттардың энергия тиімділігі саласында жаңа серіктестік жасап жатқанымызға қуаныштымыз. Жақында Финляндияға жасаған сапар барысында біз компанияның ескі көппәтерлі тұрғын үйлер мен жаңа энергия тиімді үй-жайлар жобаларымен таныстық. Біз ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықта боламыз деп үміттенеміз», - деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Өмербаев.

Өз кезегінде, «ATTIVA OY» компаниясының басқарма төрағасы Ари-Пекка Карппо Қазақстанға қатысты компанияның ауқымды жоспарлары бар деді.

 «Біз осында өз өкілдігімізді ашқымыз келеді әрі энергия тиімділігі мен қалдықтарды ауаға тастау деңгейі ең төмен технологиямызбен ірі әлеуетті өнім беруші болғымыз келеді.  Қазіргі кезде жетекші құрылыс компаниялары және энергияның өнім берушілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің мақсатымыз – энергия тұтынуды және қолданыстағы ғимараттардың да, жаңа құрылыстардың да тұрмыстық шығындарын азайту. Біз қазақстандық әріптестерден қолдау тапқанымызға қуаныштымыз», - деп атап өтті Ари-Пекка Карппо.  

«ТКШ ҚазОрталығы» Фин делегациясы үшін қазіргі заманғы жылу оқшаулағыш материалдарын, суды тазарту үшін адсорбенттерді, реттелетін LED шамдарын, желдету жүйелеріне арналған турбо-дефлекторларды және басқа да энергия үнемдейтін технологиялар көрмесіне баруды ұйымдастырды. Қонақтар сондай-ақ компанияның жылудың энергияны тұтынуы стандартты үлгідегі ғимараттармен салыстырғанда 30%-дан аспайтын деңгейде қолданатын Энергия тиімділік орталығымен танысты.  Мұндай үнемдеуге қабырғалардың тиімді жылу оқшаулауынан және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Сонымен бірге, «ТКШ ҚазОрталығы» қонақтарға өзінің энергия тиімділік және тұрғын үй-комманулдық жаңа ресурсты үнемдеу технологияларын  ұсынды. 

Анықтама үшін:

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін (ИТК) жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ИТК инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ИТК саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

«ATTIVA OY»Компаниясы ғимараттарға арналған энергия тиімділігі, сондай-ақ қалдықтарды тастау деңгейі төмен технологияларды қолдана отырып, энергияны өндіру бойынша инновациялық шешімдер бойынша әлемдегі жетекші Финтехнологиялық компаниясы.

 

18 мая 2018
Е-Шанырақ электронды жүйесі ТКШ саласының ашықтығын қамтамасыз етеді

GlobalChallengeSummit– 2018 аясында «Қалалық сапалы өмір рейтингі» тақырыбында сессия өтті. Оған ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

Ол өз баяндамасында қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту және тұрғындардың сапалы өмір сүрулерін қамтамасыз етудің маңызды шарты ретінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы шаралардың тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды. Комитет төрағасының айтуынша, ғимараттардың сапасына, экологиясына және энергиялық тиімділігіне талаптар қойылады. Бұл ғимараттарды жобалауда және құрылысты жоспарлауда жаңа әдістерді, құрылыс тәсілдерін және осы заманғы материалдарды қолдану, сондай-ақ салынып жатқан және қолданыстағы үйлер мен инфрақұрылым нысандарын интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар әлемдік тәжірибеге сәйкес үнемі жетілдіріледі. Ол халық үшін баспананың қолайлылығын арттыруға және электр энергиясын, жылу мен суды тұтыну шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Тұрғын үй-коммуналдық саласындағы саясат сапалы коммуналдық қызмет көрсетуді, басқару жүйсінің тиімділігін арттыруды, энергиялық тиімді және ресурстарды үнемдейтін технологияларды қолдануды қамтамасыз етуге бағытталады.

«Биыл біз  Е-Шаңырақ электронды жүйесін құруға кірістік. Бірыңғай деректер базасы түрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының ашықтығын қамтамасыз етіп, тұрғын үй-коммуналдық саласының барлық субъекттерін қамтитын болады. Осы жүйенің арқасында тұрғындар интернет ресурс арқылы есеп-қисаптарын дұрыс есептегендігін тексеруге, үйлерінің шығыстары мен кірістерін бақылауға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мәселелері бойынша өтініштер беруге мүмкіндік алады»,-деді Мархабат Жайымбетов.

Өткен жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске қосылды. Жылдың қорытындысы бойынша 11,2 млн. шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Бұл 2016 жылдың деңгейінен 6,2%-ға артты. 100,8 мыңнан астам отбасы, оның ішінде 25,2 мың отбасы мемелекеттік қаржы есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсартты.

«Қазақстандағы тұрғын үй құрылысы белсенді дамып келеді. Мақсатты тұрғын үй саясаты 26 жылда 1,2 млн. аса отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етіп, шамамен 129 млн. шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік берді»,-деп атап өтті М.Жайымбетов.

2017 жылы осы салаға салынған инвестиция 2016 жылымен (830 млрд. теңге) салыстырғанда 18 пайызға артып шамамен 980 млрд. теңгені құрады.

Мемлекет салған 1 теңге инвестицияға 5 теңге жеке инвестициялар тартылды. Бағдарламаның механизмдері жеке инвестицияларды тартуға, бизнесті қолдауға және халыққа қолжетімді баспана ұсынуға бағытталды.

Төлем қабылеті бар халықты қолдау және сатып алу сұранысын әрі қарай дамыту үшін  жаңа «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы енгізіліп жатыр. Қабылданған шаралар жаппай құрылысты ынталандыруға және халықтың баспанаға қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

18 мая 2018
Инновациялық технологиялар паркі және жетекші француз ғылыми-зерттеу институты өзара ынтымақтастық туралы келісімге келді

Global Challenges Summit 2018 - XI Астана экономикалық форумы аясында «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры және Choiseul институты өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Құжатқа «Инновациялық технологиялар паркі» АКҚ-ның бас директоры Санжар Кеттебеков пен Institut Choiseul президенті Паскаль Ларот қол қойды.

Францияда орналасқан «Institut Choiseul» экономикалық және саяси стратегияларды талдауға бағытталған тәуелсіз зерттеу орталығы болып табылады. «Инновациялық технологиялар паркі» Автономдық кластерлік қоры мен «Institut Choiseul» орталығының өзара ынтымақтастығы экономиканың басым бағыттары бойынша инновацияны дамытуға, технологиялық шешімдер мен идеяларды коммерцияландыруға, инновациялық жобалар шешімдерінің механизмдерін дамытуға бағытталған.

Өзара ынтымақтасудың басты мақсаты – тараптардың инновацияларды тиімді дамытуға бағытталған шаралар кешенін қалыптастыру.

«ИТП» ДКҚ мен Institut Choiseul келесі бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс жүргізеді:

1.    Француз Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестік шеңберінде екі елдің инновациялық кәсіпорындарының қызметіне қолдау көрсету және инвестицияларды тартудың синергетикалық әсеріне қол жеткізу мақсатында инновациялық сала субъектілері қызметіне қолдау көрсету

2.    Инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу үшін бірлескен ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалану;

3.    Инновациялық жобалар көрмелерін бірлесіп ұйымдастыру және өткізу.

Анықтама:

«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры (Tech Garden) бес институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» Мемлекеттік бағдарламасының 63-ші қадамы аясында қызметін жүзеге асырады; Алматыдағы жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-техникалық базасын нығайтады; Ұлттық экономиканың негізгі секторларындағы құзыреттілікті арттыру және жаңа өндірістерді құру үшін трансұлттық корпорациялар негізінде салалық технологиялық орталықтарды құрады; технологиялық компаниялар үшін толық циклді қолдауды қамтамасыз етеді; жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған компанияларды инкубациялау үшін отандық өндірісті дамытуға және Қазақстанға халықаралық стартаптарды тартуға бағытталған «Startup Kazakhstan» халықаралық акселерация бағдарламасын іске асырады.

 

18 мая 2018
Қазақстанда инновацияларды дамыту саласында бірыңғай ұлттық оператор анықталатын болады

Global Challenges Summit 2018 – XI Астана экономикалық форумы аясында «Инновациялық қолдаудың экожүйесі. Екпінді өсімді қалай қамтамасыз ету керек?» тақырыбында панельдік сессия өтті.

Сессияны Инвестициялар және даму министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ және «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ ұйымдастырды.

Инновация саласын қолдау тақырыбында өткен пікірсайысқа ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев, «Ракус» экономикалық талдау орталығының директоры Ораз Жандосов, «Технологиялық даму ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Марат Омаров, Қазақстандағы Дүниежүзілік банк офисінің басшысы Ато Браун, Singularity University Ресейдегі ресми өкілі Евгений Кузнецов, Accenture басқарушы директоры Ирмгард Гласмахер, SlovakInnovationand Energy Agency (SIEA) сараптама бөлімінің директоры Артур Бобовницки, Strategeast негізін қалаушы және президенті Анатолий Моткин қатысты.

Т.Тоқтабаевтың айтуынша, Инвестициялар және даму министрлігі Президенттің инновациялық саясатын іске асыруға белсенді түрде атсалысады.

Израиль, Финляндия және Сингапурдың тәжірибесіне негізделген инновациялық даму саласындағы бірыңғай ұлттық операторды анықтау идеясы тұжырымдалған. Бұны «Технологиялық даму ұлттық агенттігіне» жүктеу жоспарлануда.

Осы мақсаттарда «ТДҰА» АҚ құрылымы қайта құру процесіне кірісті: Бірыңғай оператор үшін оңтайлы ұйымдастыру құрылымын ұсынатын инновациялық менеджмент саласындағы маман Accenture халықаралық консалтингтік компаниясы тартылды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары бекітілді. Ол «Экономиканы жаңғырту және цифрландыру» инновациялық саясат саласындағы ЭЫДҰ сарапшыларының ұсыныстарына негізделген. Инновациялық саясатты іске асыруды үйлестіру мен тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жанындағы Инновациялық саясат жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданды.

Вице-министр жауап бергендей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік әзірлеген венчурлық қаржыландыру туралы заң өте тамаша болды. Ол венчурлық инвестициялық нарықтың дамуын қамтамасыз ететін Қазақстан үшін бірқатар жаңа концепцияларды қарастырады және біздің болжамымыз бойынша инновациялық салаларға қаржы тартады.

2017 жылы «ИТП» ДКҚ базасында «GVACapitalManagement» трансұлттық корпорациясының көмегімен арнайы экономикалық аймақтың артықшылықтарын пайдалану үшін құрылған «GVAAlatauFund» кәсіпорны IT-саласында перспективалық жобаларды дамытуды қолдауға арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында елордада - «Астана-хаб» IT-стартаптардың Халықаралық технологиялық паркінде жаңа инновациялық орталық құрылды. Қазақстан қор биржасында инновациялық жобаларға инвестиция тарту үшін мамандандырылған стартап-алаң іске қосылды.

«Биыл Дүниежүзілік банктің қатысуымен «ТДҰА» АҚ базасында Инновациялық обсерватория құрылады. Жалпы, Бірыңғай операторлардың халықаралық тәжірибесінде бірнеше тәсілдер мен құралдар жиынтығы бар. Олардың барлығын Қазақстанда қолдану үшін  үйреніп жатырмыз»,-деді вице-министр.

17 мая 2018
«Орталық Азия елдерінде Технологиялар трансферті жүйесін дамыту»

2018 жылғы 30-31 мамырда Астана қаласында «Орталық Азия елдерінде Технологиялар трансферті жүйесін дамыту» атты аймақтық семинар өтеді. Семинар «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ («ТДҰА» АҚ) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министірлігімен, БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) және БҰҰ Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша Технологиялар трансферті орталығымен бірге ұйымдастырылады.

Семинар барысында технологиялар трансферті процесін үйымдастырумен байланысты технологиялық даму моделін, өндірістік процестерді технологиялық жетілдіру мүмкіндіктері мен қажеттілігін, Орталық Азия елдері ұйымдарының мысалында инновациялық-технологиялық менеджментті қарастыру ұсынылады.

Семинардың басты спикерлері – ЭСКАТО Азия және Тынық мұхиты аймағы бойынша Технологияларды трансферттеу орталығының басшысы Мичико Иномото және сарапшылары Кришнан Рахаван және Сатибатра Саху, сондай-ақ БҰҰ ЕЭК үйлестірушілері.

Семинарға қатысу технологиялар трансферті жобаларын тиімді жоспарлау, дамыту және енгізу, технологияларды бағалау және зияткерлік меншік құқықтарын басқару саласындағы еуропалық және азиялық тәжірибемен танысуға мүмкіндік береді. Іс-шара барысында қатысушылар еуропалық әріптестерімен бірлесіп өз тәжірибелерімен бөлісуге, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізуге және іскерлік байланыстар тізімін кеңейтуге мүмкіндік беріледі.

Сондай-ақ, семинар барысында шақырылған халықаралық сарапшылардың қатысуымен ашық оқыту (тренинг) жоспарланған. Технологиялар трансфертінің практикалық мысалдары негізінде қатысушыларға технологиялық сұрауды қалыптастыру, технологияларды іздеу, ең қолайлы технологиялық шешімдерді таңдау, лицензиялық келісімдер жасасу ерекшеліктерімен танысуға және дағдыларын меңгеру мүмкіндігіне ие болады. Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Семинарға ғылым, техника және инновация саласындағы саясатты анықтау және насихаттау процесіне тартылған ұйымдар, кәсіпорындардың, кәсіпкерлікті дамытуды қолдайтын даму институттарының өкілдері, сондай-ақ технологиялық процестер саласындағы делдалдар шақырылады.

«ТДҰА» АҚ сайтында www.natd.gov.kz бағдарламамен танысуға және семинар-тренингтің жұмысына қатысу үшін тіркеуден өтуге болады.

Өткізу орны: Астана қ., Мәңгілік Ел 55А, конференц зал.

16 мая 2018
Тимур Жайықов ҚР ИДМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Тимур Жайықов ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Жайықов Тимур Адайұлы 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы «Абылай хан» атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетін, 2010 жылы М. Әуезов атындағы қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, 2016 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін (Ұлыбритания) алды. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек қызметін 2006 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округі әкімі аппаратында маман қызметінен бастады, одан кейін Қазақстан Республикасының Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқармасында жұмыс атқарды. Әр түрлі жылдары денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық және сауда салаларында жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестиция комитетінің бас сарапшысы лауазымында қызметін атқарды. 2012 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті Инвестиция тарту басқармасының басшысы лауазымында жұмыс атқарды.

16 мая 2018
Қазақстан басқа елдердің құрылыс конструкцияларын сынақтан өткізе алады

15 мая 2018г. Алматы. Казахский научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры (АО «КазНИИСА») приступил к модернизации аккредитованной научно-исследовательской лаборатории (ЦНИЛ) в соответствии с международными стандартами.

В рамках масштабной реконструкции ЦНИЛ, проводится закуп новейшего оборудования для испытания строительных конструкций, планируется также произвести реконструкцию производственной базы.

С 2020 года Казахстан перейдет на европейские стандарты строительства и проектирования (еврокоды), которые в разы увеличат требования к прочности строительных конструкций.

Согласно требованиям норм СП РК «Строительство в сейсмических зонах», все новые конструктивные системы зданий и сооружений, а также новые материалы и конструкции, ввозимые на территорию Республику Казахстан, до их применения в строительстве, должны пройти экспериментальную проверку на сейсмостойкость. На данный момент испытание новых строительных материалов и конструкций проводится на ЦНИИЛ КазНИИСА.

«После модернизации научно-исследовательской лаборатории мы сможем проверять новые строительные конструкции и материалы, с учетом требований еврокодов. КазНИИСА имеет 87-летний опыт работы в области сейсмостойкого строительства, поэтому с предложением о сотрудничестве к нам уже обратились Россия, Кыргызстан и Узбекистан», - рассказал Бегман Кульбаев, генеральный директор АО «КазНИИСА»

Фото из открытых источников

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты