Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қашықтан оқыту
Құжаттар
Комитет туралы
Баспасөз орталығы
Все материалы
12 марта 2019
ЕАЭО елдері құрылыстағы Техникалық регламент бойынша ұстанымдарын салыстырды

ЕАЭО құрылыс саласындағы Техникалық регламенті және Одақтың Шартына енгізілетін өзгерістер бойынша ұстанымдар достастықтың қатысушы елдерімен Ресейдің Құрылыс министрлігінде талқыланды. Тараптар жалпы регламент қабылдау қажеттілігі туралы және міндетті құрылыс нормалары мен ерікті түрде қолданылатын құрылыс ережелерінің қос деңгейлі жүйесі туралы келісімге келді. Мәжіліс ведомство басшысының орынбасары Дмитрий Волковтың төрағалығымен өтті. 

ЕАЭО техникалық регламенті құрылыс саласында бірыңғай экономикалық кеңістік құру үшін негізгі құжатқа айналуы тиіс. 

«Ресейлік тарап бастапқыда белгіленген әзірлеу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін техникалық регламентті даярлауды және бекітуді қамтамасыз ету үшін құрылысты техникалық реттеудің ерекшеліктеріне қатысты ЕАЭО туралы Шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттама жобасын келісу бойынша басталған жұмысты аяқтау қажет деп санайды», - деп атап өтті Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрінің орынбасары Дмитрий  Волков.

Жоба бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Алмаз Идырысов ұсынды: «Одақтың құрылыс нормалары мен ережелерін ұлттық деңгейде орнату мүмкіндігіне назар аудару қажет. Осылайша, мысалы, Одақтың құрылыс нормалары мен Одақтың құрылыс ережелері Одақтың мемлекет-мүшесінің аумағында Одақтың мемлекет-мүшесінде белгіленген тәртіпте ұлттық құжаттар ретінде қолдануды, енгізуді, өзгертуді және күшін жоюды көздеу ұсынылды. 

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің пысықталған тұжырымдамасы туралы "Құрылыстағы нормалау, стандарттау және сәйкестікті техникалық бағалау федералды орталығының" ФАМ директоры Андрей Басов айтып берді. «Ресейлік тараптан Одақтың құрылыс нормаларын мемлекеттерде қолдану тәртібі туралы Қазақстан Республикасының ұстанымын ескеруге мүмкіндік беретін өзгерістер енгізілді. Бұл дегеніміз ұлттық құжаттар Одақтың сәйкес құрылыс нормалары мен құрылыс ережелеріне ұқсас немесе ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып оларға қатысты түрлендірілген болуы мүмкін», - деп айқындады Андрей Басов.

Беларусь Республикасының өкілі «Стройтехнорм» РБК директоры Игорь Лишай құрылыс материалдары мен бұйымдарын пайдалануға қатысты шарттың тармағын нақтылау қажеттілігін атап өтті. Оның айтуынша, құрылыс материалдарының сәйкестігін растау нысаны, сондай-ақ оларды сынау талаптары мен әдістері бойынша бірыңғай тәсіл жасап шығару қажет. 

 Жалпы алғанда, тараптар техникалық регламентті қабылдау қажеттілігі туралы және міндетті Құрылыс нормалары мен ерікті түрде қолданылатын Құрылыс ережелерінің қос деңгейлі жүйесі туралы келісімге келді. Техникалық мәліметтер бір айдың ішінде анықталады



Көзі: www.faufcc.ru

07 марта 2019
ЕАЭО-да "Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" Техникалық регламент әзірленуде

Ресейдің құрылыс министрлігінде "Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" ЕАЭО техникалық регламенті жобасы бойынша келісу мәжілісі өтті. Құрылыс саласындағы ЕАЭО Техникалық регламенті және ЕАЭО Шартына өзгерістер бойынша шоғырландырылған ұстаным достастықтың қатысушы елдерімен орындалады. Келісу мәжілісі Құрылыс министрі Дмитрий Волковтың төрағалығымен өтті.Талқылауға Беларусь, Қазақстан, Армения, Қырғызстан елдерінің делегациясы қатысады. Мәжілістің шеңберінде ФАМ ФНО директоры Андрей Басов баяндамасын ұсынды. ЕАЭО техникалық регламент құрылыс саласында бірыңғай экономикалық кеңістік құру үшін базалық құжатқа айналу керек.

 

06 марта 2019
Алғаш рет Қазақстанда Дилатометр Маркетти құралын пайдалана отырып, топырақтың алаңдық сынағы жүргізілді

Дилатометр Маркетти DMT және SDMT итальяндық құралының өнертапқыштары топырақ сипаттамаларын жоғарғы дәлдікпен анықтау үшін ең жаңа құралдың оқытушылық және практикалық сынағын жүргізу үшін Қазақстанға келді.

ҚазҚСҒЗИ институты – 3 жазық Дилатометр Маркетти DMT және SDMT жиынтығын сатып алған жалғыз ұйым. Құрал Еурокодтар мен ISOсияқты халықаралық стандарттарға сәйкес топырақтарға сынақ жүргізуге мүмкіндік береді.

Құрал ҚазҚСҒЗИ Орталық сынақ зертханасын ауқымды жаңғырту аясында сатып алынды және халықаралық стандарттарға сәйкес құрылыс материалдары мен конструкцияларын сынау мен тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін 40-тан астам жаңа жабдықтар сатып алды.

Итальяндық мамандардың ресми келуі аясында 2 наурыз күні Геотехникадағы және сейсмикадағы Дилатометрді пайдалану бойынша ғылыми-техникалық семинар ұйымдастырылды.

Бұрын итальяндық мамандар «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сарапшыларын Дилатометрмен жұмыс істеуге кешендік оқыту жүргізген.

Оқыту теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Онда инженер Дилатометрге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің әзірлеушісі Диего Маркетти құралының мүмкіндіктері туралы айтты. 

«1998 жылдан бастап Дилатометр топырақтың сипаттамасын америкалық стандарттарға сәйкес, ал 2000 жылдан бастап Еурокодтарға және ISO-ға сәйкес береді. Құралдың тиімділігі мен сенімділігі әлемнің 70-тен астам елдерінде мақұлданды.

Дилатометрді пайдалану Қазақстанға және ҚазҚСҒЗИ-ға халықаралық стандарттарға сәйкес топырақтарға зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді», - деп санайды Диего Маркеттидің инженері және StudioProf. Marchettisrl иесі.

Дилатометр топырақтың негізгі сипаттамаларына жоғары дәлдікпен баға беруге, CRR сұйылтуға кедергісін бағалауға, сазды еңістерде беттердің жылжуын анықтауға мүмкіндік береді. Жазық Дилатометр күнделікті алаңдық зерттеулер үшін пайдаланылады, ал оның әрекет ету қағидаты топырақты зерттеудің қысым жасау технологиясына негізделген.

Дилатометрмен жұмыс істеуге оқыту аясында, сондай-ақ Дилатометрдің алаңдық сынақтары жүргізілді.

ҚазҚСҒЗИ мамандары мен Диего Маркетти құрал жұмысының эксперименталдық тексеруін жүргізу үшін Алматы өңіріне шықты.

«Дилатометрді пайдалана отырып, бізге қажетті тереңдікте топырақтың деформацияланушылық және беріктік параметрлерін алдық. Бұл параметрлер Еурокодтардың талаптарына сәйкес келеді, бұл негіздің тірек қабілетін және деформациячланушылығын дұрыс және дәл бағалауға мүмкіндік береді. Дилатометр көрсеткіштерінің көмегімен біз негізді кез-келген құрылыс алаңында, құрылыс процесінде, құрылысқа дейін және кейін де бақылай аламыз. Өкінішке орай, осы күнге дейін Қазақстанда Еурокодтарда жазылған талаптарға сәйкес келетін құралдар болмады. 2020 жылы Қазақстан құрылысшылары Еурокодтарды толықтай пайдалануға өтетіндіктен, осы құралды сатып алу алаңдық сынақтары дамытудағы үлкен оқиға», - деп санайды профессор, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Негіздер, іргетастар және сейсмикалық шағын аймақтандыру секторының аға ғылыми қызметкері Виталий Хомяков.

 

04 марта 2019
ҚазҚСҒЗИ қызметкерлері георадиолокация саласында оқытудан өтті

2020 жылдан бастап Қазақстан құрылыстағы еуропалық нормаларға (Еурокодтарға) өтеді, олар конструкциялардың сенімділігіне қойылатын жоғары талаптарды ұйғарады. Жаңа нормативтік база да құрылыс материалдары мен конструкцияларының сенімділігіне зерттеу жүргізуге ерекше талаптарды қояды. Еурокодтарға өтудің шеңберінде ҚазҚСҒЗИ эксперименталдық жұмыстардың барлық түрлерін Еурокодтарға сәйкес жүргізу үшін Орталық-сынау зертханасын жаңғырту шешімін қабылдады. Жаңа жабдықтардың 40-тан астам түрі сатып алынды, олар құрылыс материалдары мен конструкцияларын Еурокодтарға және халықаралық талаптарға сәйкес сынауға мүмкіндік береді.  

Өз кезегінде, ҚазҚСҒЗИ мамандары эксперименталдық жұмыстар жүргізу саласында ең заманауи әдістемелер бойынша тұрақты негізде оқытудан және біліктілігін арттыру курстарынан өтіп отырады.

Ақпан айының соңында негіздер, іргетастар және сейсмикалық шағын аймақтандыру секторының қызметкерлері "ГЕОТЕХ" ҒПО базасында(Мәскеу қ.) георадиолокация бойынша жеке оқыту курсынан өтті. 

Оқыту бағдарламасында ҚазҚСҒЗИ мамандары георадиолокация, далалық жұмыстар жүргізу әдістемесін іс жүзінде қолдану саласында білімдерін жетілдірді, сондай-ақ қиманың жоғарғы бөлігін, жасанды құрылыстарды (оның ішінде жол үйінділерін) зерттеу кезінде георадиолокация мүмкіндіктерін зерттеді.

27 февраля 2019
Соколов-Сарыбай комбинатының жобалаушылары Еурокодтар бойынша оқытудан өтті

"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Корпоративтік университеті 2019 жылдың 18 ақпанынан 22-сіне дейін "Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірісі бірлестігі" АҚ ("ССКӨБ" АҚ) мамандары үшін "Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және құрылысын салу кезінде Еурокодтарға ұқсас ҚР ЕЖ EN құрылыс нормаларын қолдану" курсы бойынша оқыту жүргізді.

Оқыту Рудный қаласында "ССКӨБ" АҚ базасында ұйымдастырылды, оған 35 жобалаушылар мен конструкторлар қатысты. 

Оқыту барысында мамандар жаңа құрылыс нормалары, жобалаудың жалпы ережелері, талаптары, қағидаттары, халықаралық деңгейде анықталған параметрлер туралы ақпарат, жаңа нормалар бойынша құрылыс конструкцияларын есептеудің мысалдарын және басқаларын алды. 

Оқыту аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ҚР құрылыс саласында жаңа нормативтік-техникалық база бойынша біліктілікті арттырудан өткені туралы сертификаттар берілді.

 

22 февраля 2019
ТМД құрылысшылары баға белгілеу саласында тәжірибе алмасты

Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Молдавия елдерінің өкілдері өздерінің елдерінде пайдаланылатын баға белгілеу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Іс-шараға сондай-ақ Түркия елінен келген сарапшылар да қатысты.

Тәжірибе алмасу Алматы қаласында өткен халықаралық іс-шараның –ТМД елдерінің құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі комиссия отырысының шеңберінде болды.

Халықаралық іс-шара ТМД қатысушы елдерінің құрылыс саласындағы ынтымақтастық бойынша үкіметаралық кеңесінің басшылығымен өтті және Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтымен («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) ұйымдастырылды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан және Беларусь құрылыстағы сметалық бағаларды анықтау кезінде ресурстық әдісті басшылыққа алады, бұл сметаларды құрылыс материалдарына нарықтық бағаларды есепке ала отырып, қалыптастыруды ұйғарады. Қазақстанда баға белгілеудің ресурстық әдісі 2015 жылы қолданысқа енгізілді, баға белгілеудегі реформаның орындаушысы ҚазҚСҒЗИ болды.

 Өз кезегінде, Ресей өкілдері құрылыста ресурстық әдісті пайдалануға өтуді 2022 жылы жүзеге асыру жоспарланып отырғаны туралы айтып берді.

Халықаралық іс-шараның шеңберінде РҒТО (Беларусь) директоры, Комиссия төрағасы, Геннадий Пурс Комиссияның 2018 жылғы жұмысының қорытындылары туралы баяндамасын ұсынды, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің жанындағы құрылыстағы сметалық нормалар басқармасының басшысы Рабиға Бисенова Қазақстан Республикасындағы баға белгілеу жүйесіндегі даму жолдары және қол жеткізілген нәтижелер туралы айтып берді. ҚазҚСҒЗИ Нормативтерді әзірлеу жөніндегі орталық директоры Арман Хасен кеңестен кейінгі кеңістік (1991 – 2018) елдерінің баға белгілеу жүйесіне талдамалық шолуын ұсынды. Өз кезегінде, Хусейн Челик, Түркия елінің Қоршаған орта және қала құрылысы министрлігі жоғарғы ғылыми кеңесінің мүшесі Түркия елінің құрылысындағы баға белгілеуге таныстыру шолуын жүргізді.

ТМД елдерінің құрылыс ресурстарын кодтау жүйесімен үйлестіру, құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларындағы баға бегілеу, сондай-ақ ВІМ-модельдердің сметалық аудиті мәселелері де талқыланды.

 

Анықтама

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ – өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды  және сейсмикалық қауіпті өңірлерді қосқанда Қазақстанның құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. 

Институт 1931 жылдың 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанның құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасының Иныестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.

 

20 февраля 2019
Қазақстан мен Беларусь мамандары құрылыс секторын цифрландыру мәселелерін талқылады

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтында ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) Қазақстан мен Беларусь мамандарының екі жақты кездесуі өтті. Кездесу барысында, тараптар құрылыста, сондай-ақ баға белгілеуде ақпараттық модельдеу технологияларын енгізу кезінде әдістеме, стандарттау мәселелерінде және басқа да аспектілерде ортақ тәсілдер әзірлеуге келісті.

«Құрылыс секторын цифрландырудағы өзара тығыз байланысты екі маңызды бағыттар - бұл баға белгілеу және ақпараттық модельдеу технологиясы. РҒТО және ҚазҚСҒЗИ бір бағытта жұмыс істеуі тарихи оқиға, сондықтан, біз қазақстандық әріптестеріміздің осы саладағы тәжірибесі мен жетістіктерін зерттейтін боламыз», - деп хабарлады РҒТО директоры, ТМД елдерінің құырлыс қызметіндегі баға белгілеу бойынша комиссия төрағасы Геннадий Пурс.

Бірлескен жұмыстар ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі баға белгілеу бойынша комиссияның 2019 жылы Минск қаласында өтетін кезекті отырысында ұсынылатын болады. 

Анықтама: РҒТО - құрылыстағы баға белгілеу бойынша Беларусь Республикасындағы бас ұйым. РҒТО-да экономикалық қатынастарды дамытудың заманауи үрдістерін ескере отырып, ұлттық баға белгілеу жүйесін жетілдіру және еуропалық елдер мен жекелеген ТМД елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, баға қалыптастыру механизмін жаңғырту мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, РҒТО-да қатынастар орнатылған және құрылыстағы баға белгілеу мәселелері бойынша еуропалық елдердегі (Литва, Румыния) және ТМД елдеріндегі (Қазақстан, Молдова, Ресей) пікірлермен алмасу белсенді жүзеге асырылып жатыр.

 

18 февраля 2019
ТКШ жаңғыртудағы аэроғарыш саласының әлеуеті

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен «KazAeroSpace» ЖШС мақсаты   «Жылу-энергия тиімділігі картасы» жобасын ілгерілетуге бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол жеткізілген келісімдер «KazAeroSpace» ЖШС тарапынан жылу арқылы түсіру технологиясын қолдана отырып, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, жылжымайтын мүлік объектілерінің, инженерлік желілер мен коммуникациялардың жылу-энергиялық тиімділігіне аэроғарыштық мониторинг жүргізуді көздейді.

Бұдан бөлек, тараптар еліміздің қалаларының инженерлік коммуникацияларының бірыңғай геокеңістіктік деректер базасын құру жолымен ТКШ саласында геоинфокоммуникациялық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді және сүйемелдеуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, тараптар ТКШ саласында аэроғарыштық технологияларды қолдану бойынша маркетингтік зерттеулер мен энергия тиімділігін жетілдіру мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге ниетті.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаев өткен жылдан бастап жүргізіліп келе жатқан ТКШ ҚазОрталығы қызметінің трансформациясы ТКШ жүйесін дамыту үшін Қазақстанның аэроғарыш саласының әлеуетін пайдалану қажеттігіне алып келгенін атап өтті.

«Аэроғарыштық мониторинг деректері коммуналдық инфрақұрылым объектілері туралы, олардың техникалық-экономикалық жағдайы мен мүліктік құқықтары туралы шынайы және өзекті ақпаратты жүйелендіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ақпараттық айқындылықты арттыру қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасына, энергия тиімділігін арттыруға және ТКШ саласына инвестиция тартуға оң әсерін тигізеді», - деп атап өтті.

Өз кезегінде «KazAeroSpace» ЖШС Бас директоры Бағлан Қазиев Жылу-энергия тиімділігі картасын жасау энергияны сақтау технологияларын дамыту және жылу шығынын болдырмау үшін де, аэроғарыштық мониторинг пен Жерді қашықтықтан зондтау үшін де үлкен әлеует болатынын хабарлады. Бұдан басқа бұл жоба жаңа жұмыс орындарын құру мен жоғары технологиялық шешімдерді іске асыруда мультипликативті әсер етеді.

Болашақта тараптар ғимараттар мен ғимараттардың энергия тиімділігін салыстырмалы талдау үшін тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жылу арқылы (жиіліктердің инфрақызыл диапазонында) түсіру, ТКШ қажеттіліктері үшін автоматтандырылған геоақпараттық жүйені енгізу сияқты бірқатар пилоттық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Автоматтандырылған геоақпараттық жүйелерді қолдану тұрғын үй-коммуналдық кешенді дамытудың жалпы үрдістерін зерттеп, реттеу үшін ауқымды ақпараттық-талдау құралдарын береді, сондай-ақ жаңа әрі қолданыстағы инженерлік желілерді жоспарлауға, жөндеуге және реконструкциялауға арналған шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

 

15 февраля 2019
Қолжетімді, кедергісіз орта құру әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған

2019 жылы 15 ақпанда «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында Партиялық куратор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркинаның төрағалығымен және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс істері комитетінің төраға орынбасары Алмаз Ыдырысовтың қатысуымен «Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін елді мекендерде «кедергісіз орта» құру жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде осы мәселені шешуге қоғамдық бақылауды күшейту» бойынша кеңейтілген отырыс өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктерінің басшылары мен өкілдері, сараптама комиссияларының мүшелері жиналды. Сонымен қатар, аймақтық кураторлар мен сараптамалық комиссиялар бейнеконференция байланысы арқылы қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, елді мекендерде «кедергісіз орта» құру шараларын қабылдау, соның ішінде қоғамдық бақылауды күшейту Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталған 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында көрсетілген.

Елбасы Жолдауының  қолжетімді ортаға бағытталған 62-тармағын іске асыра отырып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімі бойынша негізгі және үлгілік өңірлік 2 жол картасын бекітті.

Негізгі карта бекітілген іс-шараларды орталық мемлекеттік органдар орындау үшін және жүйелік тұрғыда туындайтын мәселелерді шешуге бағытталған.

Ал, Үлгілік өңірлік жол картасы жергілікті атқарушы органдардың  практикалық тұрғыда іске асыруына бағытталған. Атап айтқанда, қолданыстағы әлеуметтік объектілерді кейін бейімдеу үшін объектілер тізбесін қалыптастыра отырып, қолжетімділік тұрғысынан түгендеу жүзеге асырылатын болады.

«Жаңа объектіні жобалау және салу үшін қолданыстағы нормативтік-құқықтық және техникалық құжаттар халықтың әлсіз топтарының өмір сүруіне қолайлы орта құру үшін барлық қажетті талаптарды қамтиды» деп атап өтті Алмас Ыдырысов.

Алайда, жоғарыда айтылған талаптар  орта және ағымдағы жөндеу жүргізу кезінде сақталмайды.

Орташа және ағымдағы жөндеу  жұмыстарына заңнамаға сәйкес жобалау-сметалық құжаттама әзірленбейтінін және сараптама жүргізілмейтінін, тиісінше құрылыс бақылауы (авторлық және техникалық қадағалау) жүзеге асырылмайтынын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму министрлігі нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттарға тиісті түзетулер дайындады.

 

15 февраля 2019
ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі Баға белгілеу жөніндегі комиссия отырысы

Іс-шараны өткізу күні және уақыты: 20-21 ақпан 2019 жыл, 9.30

Іс-шараны өткізу орны: Алматы қаласы, Novotel қонақ үйі, Достық, 104а

Іс-шараның ұйымдастырушылары: ТМД қатысушы мемлекеттерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеңес, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ).

Спикерлер:

Қазақстан, Ресей, Белорусь, Молдова, Әзірбайжан, Түркия елдерінің Баға белгілеу жөніндегі ұйымдарының басшылары, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басшылары, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ сарапшылары.

 

Іс-шара бағдарламасы:

- 2018 жылдағы ТМД елдерінің құрылыс саласындағы баға белгілеу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындылары;

- ТМД елдерінің құрылыс ресурстарын кодтау жүйесін үйлестіру мәселесін талқылау;

- Кеңестен кейінгі кеңістік елдерінің баға белгілеу жүйелеріне талдамалық шолу (1991-2018);

- Түркияның құырылстағы баға белгілеу жүйесімен танысу;

- ТМД қатысушы елдерінің құрылыс өнімінің өмірлік циклінің кезеңдерінде құрылыстағы ақпараттық модельдеу технологияларының баға белгілеуі. ВІМ-модельдерінің сметалық аудиті.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

+7 7272269410 (ішкі 133) хабарласыңыз,  pr@kazniisa.kz

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы