Іс жүзінде үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері кооперативтерінің басшылары, басқарушы компаниялар және үйді басқаруға қатысатын басқа адамдар шектеулі пайдаланудың ортақ мүлкінің жекелеген бөліктерін жалға (пайдалануға) беру арқылы қосымша кірістер алатынын тұрғын емес үй-жайлардың және пәтерлердің иелері біле бермейді.
Жоғарыда көрсетілген жалдау арқылы алынған қаражат көп пәтерлі тұрғын үйдің қажеттіліктеріне, оның ішінде ағымдағы жөндеуге, жергілікті жерді абаттандыруға, инженерлік жабдықтарды орнатуға және басқаларға жаратылуы мүмкін.
*«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ меншігіне жеке (бөлек) меншіктегі пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды қоспағанда кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, фойелер, залдар, дәліздер, баспалдақтар, лифттер, шатырлар, техникалық қабаттар, жертөлелер, жалпы құрылыс инженерлік жүйелері, пошта жәшіктері, көп пәтерлі үйдің астындағы жер учаскесі және (немесе) оған іргелес жер учаскесі, көріктендіру және басқа да ортақ мүлік) кіреді.
Әрине, егер объектілердің басқа адамдарға шектеулі пайдалануға берілуі көп пәтерлі үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе, ол бъектілерді беруге болмайды.
Мұндай объектілерге функционалдық ерекшеліктері мен тағайындалуына сәйкес пәтерішілік баспалдақтар, баспалдақтар, лифтілер, лифт және басқа шахталар, дәліздер, көтергіш емес және қоршайтын құрылымдар, механикалық, электрлік, санитарлық және басқа жабдықтар, кірме жолдардың барлық учаскелері, жаяу жүргіншілер жолдары және т.б. жатады.
Бүгінгі таңда көп пәтерлі тұрғын үйлердің көпшілігі табыс әкеле алады.
Сондықтан пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, сондай-ақ жаңадан құрылған мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің (МИБ), қарапайым серіктестіктердің (ЖС) төрағалары, көп пәтерлі үйден табыс табуға болатындығын білуі маңызды.
Негізгі табыс көзі мыналар болуы мүмкін:
Үй-жайларының маңдайшалары мен лифттерінің қабырғаларын жарнамалық компанияларға немесе дүкендерге плакаттар, баннерлер, сыртқы жарықтандыруға арналған жарықтандыру технологияларын (соның ішінде жарық диодты жолақтарды) орналастыруға жалға беруге болады.
Антенналарды орнату үшін шатыр бөлімдерін, техникалық едендерді провайдерлер мен ұялы байланыс операторларына жалға бере аласыз. Қабырғалардың немесе ішкі бөлмелердің бөлімдері арнайы жабдықтарды орналастыруға және байланыс кабельдерін төсеуге жарамды.
Сіз сондай-ақ ауыз суды тазартуға арналған жабдықты (үйдің қасбетінде немесе басқа үй-жайларда орнатылған сүзгіленген суды сатуға арналған құрылғылар) орнатудан табыс ала аласыз.
Үй-жайларының жертөлесін санитарлық-гигиеналық және басқа да талаптарды міндетті түрде сақтай отырып шаштараздарға, бөлшек сауда дүкендеріне және басқаларға жалға беруге болады.
Капиталды емес ғимараттарды (сауда павильоны және басқа сауда нүктелері) нысан қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің және басқа да бақылау ұйымдарының талаптарына сәйкес келген жағдайда орнатуға болады.
«Осылайша, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері лифтте, қасбетте немесе төбеге орнатылған билбордтарды, антенналарды немесе басқа да өзге жабдықтарды көрсе, көпқабатты үйі қосымша кіріс алатындығының бегісіне назар аударуы керек.
Алынған қосымша кірістер сіздің үйіңіздің қажеттіліктеріне, оның ішінде ағымдағы жөндеуге, жергілікті жерді абаттандыруға, инженерлік жабдықты орнатуға және басқаларына бағытталуы мүмкін, сонымен қатар пәтердің, тұрғын емес үй-жайлардың әр иесіне ұсынылатын ай сайынғы есепте көрсетілуі керек», - дейді, «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Серіков Нұрбек Нұржанұлы.
**Көп пәтерлі үйдің ортақ мүлкін иелену және оны заңды түрде жалға беру (пайдалану) үшін көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріліп, кондоминиум объектісі ретінде тіркелуі қажет.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бір бөлігін пәтер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иесіне мүліктік жалдауда (жалға) беру туралы мәселе жиналыста шешілуі керек.
Вопрос о передаче собственнику квартиры, нежилого помещения части общего имущества объекта кондоминиума в имущественный наем (аренду) необходимо принять решение на собрании.
Жалғыз акционердің шешімімен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ-ға қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты.
Айта кету керек, Қазақстандық ипотекалық компаниясына Қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру функциясы да өтті.
Осылайша, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру соңғы сатысында тұр. Сонымен қатар атауын «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» деп өзгерту жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзінің тұрғын үй блогын оңтайландыруды жүргізуде. Бұл үшін Холдинг өзінің «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» екі еншілес компаниясын үшінші – «Қазақстан ипотекалық компаниясына» біріктіруді жүзеге асырды. Осы мақсатта барлық заңнамалық аспектілер реттелген. ҚИК-ке сондай-ақ құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары берілетін болады.
Бірыңғай оператор жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен мынадай құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ғана жұмыс істейтін болады:
1) әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;
2) үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру;
3) жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттері бойынша субсидиялау;
4) әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит беру;
5) инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру;
6) тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
7) уәкілетті органның лицензиясы негізінде ипотекалық қызмет;
8) қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша стратегиялық IT-бастамаларды дамыту.
Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32%-ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқарушы буын қысқартылатын болады.
Анықтама үшін:
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің негізгі институты.
3 қарашада онлайн режимде өткен ТМД-ға қатысушы елдердің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесінің (Үкіметаралық кеңес) XI отырысында қатысушылар құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін қабылдауды мақұлдады.
Үкіметаралық кеңес ТМД-ға қатысушы елдердің құрылыс және стандарттау жөніндегі ұлттық органдарына «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» мемлекетаралық стандартын (МЕМСТ) қарауды және енгізу үшін дауыс беруге қатысуды ұсынды.
Жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін енгізу туралы ұсынысты алғаш рет 2019 жылы Үкіметаралық кеңестің XXXIX отырысында Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархаббат Жайымбетов айтқан болатын. Үкіметаралық кеңесте Құрылыста жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін (ҚЖКБЖ) әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының оң тәжірибесі атап өтілді және осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ұсынылды.
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында 2018 жылдан бастап құрылыс кешеніндегі техникалық реттеу проблемалары бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Базалық ұйымы жанында ақпараттық модельдеу саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі Комиссия (Комиссия) жұмыс істейді.
2020 жылғы 29 қазанда Комиссия отырысында «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Ақпаратты жіктеу және кодтау қағидаттары» жобасын 8 мемлекеттен келген құрылыс саласындағы 30 жетекші сарапшы қарады. Өзара пікір алмасып, МЕМСТ-ты жоғары тұрған органдарға ұсыну және құжатты стандарттау жөніндегі бейінді алаңдарға орналастыру туралы шешім қабылданды.
Құжат Құрылыстағы нормалау, стандарттау және сәйкестікті техникалық бағалау федералды орталығының (ФСО ФАМ) бастамасы бойынша Құрылыстағы цифрландыру және жобалау ғылыми-инженерлік орталығымен (РФ) әзірленді.
«Құрылыстағы бірыңғай жіктеу жүйесінің негізгі рөлі - ақпаратты компоненттерге, функционалды және техникалық жүйелерге бөлу, оларды бірегей сәйкестендіру және шатасуды азайту болып табылады. Бұдан басқа, мемлекетаралық стандарт халықаралық талаптарға сәйкес мазмұны ұлттық деңгейде айқындалуы мүмкін жіктеу кестелерінің номенклатурасын белгілейді»,- деп түсіндірді Ақпараттық модельдеу саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссияның басшысы Александр Шахнович.
Құрылыстағы халықаралық стандарттарға негізделген жіктеу мен кодтаудың аталған жүйесі ТМД-ға қатысушы елдерге заңнаманы және әрбір елдің ұлттық талаптарын ескере отырып, ақпараттық модельдерде ақпаратты құрылымдау мәселелерінде бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді деп болжануда.
«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасының Ұлттық кооперативтері және басқа экономикалық нысандары қауымдастығы және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты сертификаттау орталығы» ЖШС өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қабылданды. Тиісті құжатқа Мейержан Майкенов, Қазыбек Шайх және Аркадий Рубцов қолдарын қойды.
Меморандумның мақсаты тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, өзара түсіністік, сыйластық және сенімділік қағидаттары бойынша саланы жаңарту бойынша жетістіктер мен тәжірибені бірлесіп пайдалану.
Мемлекеттік сектор атынан ТҮКШ саласының операторы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ ынтымақтастық үшін ашық және барлық мүдделі тараптарға, азаматтарға да, бизнес өкілдеріне де Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауы аясында үйлерді басқарудың жаңа формалары жайында, мүліктің меншік иелері бірлестігін (МИБ) және жай серіктестікті (ЖС) енгізу, сондай-ақ көптеген мәселелер бойынша жан-жақты көмек көрсетеді. Сонымен қатар «ТҮКШ ҚазОрталығы» ҚР аймақтарында, мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржыландыру талап етпейтін, жергілікті халықпен жұмыс жасау мақсатында Жобалық кеңселер құру мәселелері бойынша белсенді жұмыс атқаруда.
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша баяндама жасады.
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетовтың айтуынша, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету және өмір сүру жайлылығын арттыру – мемлекеттің тұрақты әрі маңызды міндеттерінің бірі. 15 жыл ішінде пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 2,6 есе өсті. Тұрғын үй құрылысына инвестициялар 5,6 есеге артты.
Тәуелсіздік жылдарында бірнеше Мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылды. Олар - 2005-2011 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту, «Қолжетімді баспана-2020», «Нұрлы жол» және Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламалары. Осы кезеңде 114 мыңнан астам отбасы әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 63 мыңнан астам үлескердің тұрғын үй мәселелері шешілді.
2017 жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама жұмыс істеген 3 жыл ішінде 36,8 млн. шаршы метр немесе 330 мың тұрғын үй салынды. Қолжетімді тұрғын үй және жеңілдетілген несие беру арқылы мемлекеттік қолдау шараларымен 89 мыңға жуық отбасы қамтылды. «Нұрлы жер» бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға 919 млрд.теңге мемлекеттік инвестиция бағытталды. Сонымен қатар, осы жылдар ішінде тұрғын үй құрылысына 3,6 трлн тенгеден астам жеке инвестициялар салынды.
Бүгінгі күні бір қазақстандыққа тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында ең жоғары көрсеткіш (РФ - 0,54 шаршы метр, Белоруссия - 0,40 шаршы метр, Өзбекстан - 0,36 шаршы метр) және экономикалық дамыған елдердің деңгейіне жақындады.
Бүгінде тұрғын үйге мұқтаж 530 мыңнан астам азамат кезекте тұр. Көрсетілетін қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдан бастап кезекте тұрғандардың Бірыңғай республикалық базасы іске қосылды. Ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған және азаматтардың тұрғын үйге мұқтаждығы мен кезекте тұрғандардың кірістері бойынша анық мәлімет береді. (Анықтама үшін: ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тұрғын үйге мұқтаж 534 683 азамат кезекте тұр).
Елбасы мен мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірінші кезекте сатып алу құқынсыз жалдамалы тұрғын үймен көп балалы отбасылар қамтамасыз етіледі. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру кезеңінде 30 мың отбасына тұрғын үй беру жоспарлануда, оның ішінде биыл 4 835 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Ағымдағы жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті 15 млн.шаршы метр тұрғын үй салу бойынша міндеттеме қабылдады. Бұл 150 мыңнан астам отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартуды көздейді, оның ішінде 40 мыңға жуық отбасы мемлекеттік инвестициялар шеңберінде тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады
Жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесі бизнес-құрылымдарға ТМД елдерінің құрылыс саласындағы процестерді біріктіруге мүмкіндік береді. Халықаралық стандарттардың талаптарымен үйлестірілген ұлттық стандарттарға негізделген ақпараттық негіз құру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта мақұлдау және одан әрі қабылдау барысында ТМД-ға қатысушы елдердің құрылысшылары үшін бірыңғай болуы мүмкін құжаттар бар. Атап айтқанда, «Құрылыстағы ақпараттық модельдеу. Құрылыстағы жіктеу және кодтау принциптері» мемлекетаралық стандарты жобасы туралы сөз болып отыр.
Осы құжаттардың редакциялары және одан әрі мақұлдау және қабылдау мәселелері ТМД-ға қатысушы елдердің құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясы саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі комиссия отырысында талқыланды.
Отырыс ағымдағы жылдың 29 қазанында Комиссия жетекшісі Александр Шахновичтің төрағалығымен бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Құрылыста жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін (ҚЖКБЖ) енгізу қажеттілігі мойындалды және осы мәселені жоғары мемлекетаралық деңгейде қарауға шығару туралы шешім қабылданды. 2019 жылы ТМД елдерінің құрылыс қызметіндегі ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық кеңесі құрылыстағы жіктеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін әзірлеудегі Қазақстанның оң тәжірибесі атап өткен болатын.
Қазақстандағы ҚЖКБЖ әзірлеумен Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) мамандары айналысты.
Анықтама үшін:
ТМД елдерінің құрылысында ақпараттық модельдеу технологиясы саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту жөніндегі Комиссия Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) базасында құрылды.
Қазіргі уақытта Комиссия құрамына Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Молдова, Ресей және Тәжікстанның құрылыс саласындағы өкілдері кіреді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері қаралды. Қазақстандықтарды ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов баяндады.
Министрдің мәліметінше, елімізде 2000 жылдардан бастап халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді.
20 жыл ішінде «Ауыз су», «Ақ бұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында 48,2 мың шақырым инженерлік желі салынды. Нәтижесінде халықты сумен жабдықтау деңгейі 92,6%-ға жетті.
«Биыл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға кірістік. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай халықты толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр», — деді Б. Атамқұлов.
Елбасы тапсырмасына сай ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамытуға жыл сайын кемінде 100 млрд теңге қаражат бөлінуде. Биыл қалалар мен ауылдарда сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамытуға республикалық бюджеттен 113,6 млрд теңге бөлінді, 303 жоба іске асырылуда.
2020 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейін қалаларда 97,5%, ауылдарда 87,7% жеткізу жоспарланған.
Үш өңірде, атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында қала халқы 100% орталықтандырылған сумен қамтылған.
Ауылдық жерлерде сумен жабдықтаудың ең көп қамтылуы Алматы (98,8%), Атырау (98,4%) және Қызылорда (97,2%) облыстарында байқалады.
Ведомство басшысының айтуынша, сумен қамтамасыз етудің әлеуметтік маңызы зор. Мемлекет басшысы таза ауыз суға қол жеткізу деңгейін барлық өңірде теңестіру қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылдарды сапалы және қажетті мөлшерде сумен жабдықтау қызметімен кезең-кезеңмен қамту жөнінде жоспар әзірленді. Сондықтан өңірлер халықты сумен қамтамасыз ету үшін осы жоспарды кейінге қалдырмай, тиімді шаралар қабылдауы керек.
Елбасының бастамасымен қазіргі таңда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы іске асырылуда. Ауылдарды сумен жабдықтау жүйесін дамыту аталған бағдарламамен үйлестірілген.
«Қазір республика бойынша барлығы 6341 ауыл бар. Оның ішінде 4078 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған, 279 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылған. 1146 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі салынып жатыр. Халық саны аз ауылдарда (200-ден аз адам тұратын 838 ауылда) өз елімізде өндірілген су тазартатын кешенді блок-модульдер орнатылады», — деп хабарлады Б. Атамқұлов.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында барлық қаржыландыру көзінен сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға 934 млрд теңге көзделген.
«Ауылдардың сумен жабдықталуына мониторинг жүргізу мақсатында интерактивті карта әзірлеп, іске қостық. Онда көптеген параметр бойынша нақты жағдай көрсетілген. Орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыретті бөлу бойынша заң жобасы әзірленді. Жергілікті атқарушы органдарға берілген ауыз судың 1 текше метрі үшін төлем мөлшерін әзірлеу жөніндегі нормаларды, сондай-ақ Тізбені бекіту жөніндегі функцияларды беру жоспарланып отыр», — деп түсіндірді министр.
Заң жобасында көрсетілген шараларды іске асыру мынадай мүмкіндіктер береді:
«Елбасының тапсырмасына сәйкес еліміздің 53 қаласында кәріздік-тазарту қондырғыларын салу және жаңғырту жобаларын іске асыру үшін дайындық жүргізіп жатырмыз. Халықаралық қаржы ұйымдарымен (Азия Даму Банкі, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі) шамамен 330 млрд теңге мөлшерінде бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша келісімге келдік», — деді министр.
Бес қалада (Балқаш, Жаңатас, Жезқазған, Сәтпаев, Степногорск) кәріздік-тазарту қондырғыларын салу мен реконструкциялау бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Сараптама оң қорытындысын берді. Бұл жобаларды шамамен 40 млрд теңге мөлшерінде Азия Даму Банкі қарызы есебінен іске асыру жоспарланған.
«Алты қала (Ақтөбе, Аягөз, Қапшағай, Қарағанды, Пришахтинск, Риддер) бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Құны шамамен 90 млрд теңге болатын ол жобаларды Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкінің қаражаты есебінен іске асыру жоспарланған. Әлемдегі пандемияға байланысты жобаларды іске асыру 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына ауыстырылды», — деп түйіндеді министр.
Дереккөз: primeminister.kz
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселесі қаралды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Павлодар облысының әкімі Ә. Сқақов, Қостанай облысының әкімінің бірінші орынбасары Г. Нұрмұхамбетова баяндама жасады.
Бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда – 97,2%, ауылдарда – 86,4% құрайды.
100% орталықтандырылған сумен жабдықтау Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында, ауылдар бойынша Алматы (98,8%), Атырау (98,4%) және Қызылорда (97,2%) облыстарында қамтамасыз етіледі. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік бойынша төмен көрсеткіштер Қостанай (61,1%), Жамбыл (72,6%) және Павлодар (73,3%) облыстарында байқалады.
53 қалада кәріздік тазарту құрылыстарын салу, реконструкциялау және жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілуде, қаржыландыру көздері (АДБ және ЕҚДБ займдары) айқындалды, жобалық құжаттаманы дайындау жүргізілуде.
«Халықты таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі Үкіметтің стратегиялық міндеті және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Әр әкімдіктің елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болуы керек», – деді А. Мамин.
Үкімет басшысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100% таза ауыз сумен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Осы мәселедегі маңыздысы, топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елді мекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүргізілуі қажет.
Премьер-Министр жобалардың шығындарын қысқартып, жергілікті қамтуды дамыту мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың типтік жобаларын, сондай-ақ отандық өндірушілердің материалдарын пайдалануды тапсырды.
Экология министрлігіне топтық су құбырларын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдап, оларды салу және реконструкциялау жобаларын уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау қажет екені атап өтілді.
Индустрия, ұлттық экономика, қаржы, экология, денсаулық сақтау министрліктеріне халық үшін тарифтердің артуына жол бермеу мақсатында қызмет көрсетуді және қарызды өтеуді ескерумен кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Дереккөз: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 9,6 млн. м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2019 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 109%-ды құрайды.
Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қазақстан бойынша барлығы 85 418 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде – 30 760 жеке үй, 54 658 пәтер.
Баспана құрылысы саласына инвестиция көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 25,2% өсіп, 1 256 млрд. құрады.
Өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі 14 өңірде байқалады: ол Жамбыл (109,5%), Солтүстік Қазақстан (112,9%), Қостанай (107,9%), Шығыс Қазақстан (108,1%), Алматы (107,6%), Қарағанды (103,3%), Ақмола (103,4%), Батыс Қазақстан (105,7%), Ақтөбе (103,6%), Қызылорда (100,4%), Павлодар (110,6%) облыстары мен Нұр-Сұлтан (154,2%), Шымкент (111,3%), Алматы (108%) қалалары.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері қарқынының төмендеуі республиканың 3 өңірінде байқалады: ол Атырау (71%), Түркістан (95,9%) және Маңғыстау (96,8%) облыстарында.
Қосымша ақпарат: төмендеу жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлерді іске қосу көлемінің азаюы есебінен негізделген.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру, ішкі істер органдарын цифрландыру және жер телімдері мен инженерлік коммуникациялардың цифрлық картасын жасау мәселелері қаралды.
Атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов, энергетика министрі Н. Ноғаев баяндама жасады.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінде цифрландыру жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне талдау жасауды және бөлінген қаражатты қайта бөле отырып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қайта қарауды тапсырды.
Қойылған міндеттерді шешу шеңберінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, АКТ саласының мамандары және бизнес-қоғамдастық өкілдері «Цифрлық Қазақстан» жаңартылған жобасының 10 басымдықты бағытын әзірледі (бұрын 5 бағыт). Олар әлеуметтік қатынастар саласын цифрландыруды, энергетика мен өнеркәсіпке арналған «Индустрия 4.0» технологиялық платформасын, AgriTech және Govtech технологиялық платформаларын құруды, сапалы АКТ инфрақұрылымын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, «Smartcity» технологиялық платформасын іске асыруды, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған цифрлық құралдарды, «FinTech» және электрондық сауданы, жасанды интеллектті дамытуды және инновациялық экожүйені құруды қамтиды.
Мемлекеттік бағдарламаның жаңартылған редакциясында мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің жұмысын жақсарту, FinTech секторының мүмкіндіктерін кеңейту, ақылды қалалар жүйесін әзірлеу, АКТ инфрақұрылымын дамыту жобаларына ерекше назар аударылды.
Полиция қызметін цифрландыру шеңберінде Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру және ІІМ Ахуалдық орталығын жаңғырту, азаматтардың өтініштерін қабылдаудың түрлі арналарын ықпалдастыру, облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданы бейнебақылау жүйесімен толық жабу, «Цифрлық полицей» жобасын іске асыру, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің Кешенді қауіпсіздік жүйесін құру және басқа да шараларды іске асыру көзделген.
Жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ұлттық дерекқорды құру шеңберінде «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесін қалыптастыру, кеңістіктік деректердің Ұлттық инфрақұрылымын және цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жер ресурстарын цифрландыру қорытындысы бойынша бүкіл ҚР аумағында ашық пайдаланылатын цифрлық карта, жер қатынастары және сәулет саласында электрондық қызметтер көрсету құрылып, жер учаскелеріне құқық беру мерзімі 1 жылдан 20 күнге дейін қысқартылады, мемлекеттік акті, жерге орналастыру жобасы, сондай-ақ жер комиссиясы алынып тасталады.
Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру аясында ағымдағы 125 іс-шараға қосымша 145 жаңа іс-шара, 3 жаңа индикатор және 41 көрсеткіш әзірленді. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаның жаңа нұсқасында 15 индикатор, 67 көрсеткіш және 270 іс-шара қамтылған.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ын онлайн-форматқа көшіру, цифрландыру саласына инвестициялар көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу, IT және электрондық өнеркәсіп экспортының көлемін 200 млрд теңгеге дейін жеткізу, 1 мыңнан астам жаңа инновациялық компанияларды құруға және 100 мың IT-мамандарды даярлауға ықпал ету жоспарлануда.
Премьер-Министр Үкімет отырысында қарастыру үшін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жаңартылған редакциясының жобасын енгізуді тапсырды.
Дереккөз: primeminister.kz