«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 27) және 29) тармақшаларына, «Құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттарды мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Ғылыми-техникалық кеңесінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 24-4-05 НТС/734-вн қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған:
- ҚР СБЖ 8.04-08-2021 «Құрылыс материалдарына, бұйымдарына және конструкцияларына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинақтары» 2022 жыл (17 жинақ), 1-шығарылым;
- ҚР СБЖ 8.04-09-2021 «Құрылыс объектілерінің инженерлік жабдығына арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы» 2022 жыл, 1-шығарылым;
- «Құрылыс жұмыстарына және жабдықты монтаждауға арналған элементтік сметалық нормалары, Құрылыс машиналарын және механизмдерін пайдалануға арналған ағымдағы деңгейдегі сметалық бағалардың жинағы, Өндірістік емес мақсаттағы объектілердің конструктивтері мен жұмыс түрлерінің сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинақтары, Ғимараттар мен құрылыстарды салу құнының ірілендірілген көрсеткіштерінің жинақтары. Өндірістік емес мақсаттағы объектілер (ҚР ЭСН 8.04-01-2022, ҚР ЭСН 8.04-02-2022, ҚР МПБЖ 8.04-11-2021, ҚР ІСН 8.02-03-2021, ҚР ІСН 8.02-04-2021) Өзгерістер мен толықтырулар. 25-шығарылым» бекітілсін.