«Таза бейсенбі» экологиялық акция

«Таза бейсенбі» экологиялық акция

2026 жылғы 28 мамырда Көкшетау қаласының аумағында қаланың тазалығын, абаттандырылуын және санитарлық жағдайын сақтауға бағытталған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтеді.

Барлық кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді, кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ қала тұрғындарын аталған акцияға белсенді қатысуға және іргелес аумақтарды, аулаларды, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана қаламызды таза, жайлы әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.

Баршаңызға түсіністік танытып, қолдау көрсеткендеріңіз және белсенді қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!