2025 жылғы «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім» ММ-де қаңтардан желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы ақпарат

2025 жылғы «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім» ММ-де қаңтардан желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы ақпарат

2025 жылғы қаңтар–желтоқсан аралығында «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы ақпарат

         «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі халыққа қызмет көрсету орталығы, «электрондық үкімет» порталы (e-license, egov) арқылы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:

  1. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру;
  2. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және оларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) әрі мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
  3. Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, оларға тіркемелер (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелер), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналар кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару), өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу (оның ішінде меншік құқығының басқа тұлғаға өтуі, талап ету құқығын беру, кейінгі кепіл (қайта кепіл)), тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе оның телнұсқасын беру;
  4. Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу.

2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айлары аралығында «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ 1663 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:

  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру – 201;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және оларға тіркеу құжатын (телнұсқасын) әрі мемлекеттік нөмірлік белгі беру – 1330;
  • Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, оларға тіркемелерді (оның ішінде арнайы жабдық орнатылған тіркемелерді), өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту қабілеті жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 132.

Мемлекеттік қызметтер көрсету бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтердің түрлері және оларды көрсету тәртібі туралы ақпарат «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің ақпараттық стендтерінде және https://www.gov.kz/memleket/entities/kbsh-kokshe сайтында орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуы болған жоқ.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтердің сапасы, уақтылығы және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі критерийлері бойынша көрсеткіштерді жақсарту, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және осы саладағы мемлекеттік органдар қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында 2025 жылға арналған бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті жұмыс жүргізілді және жүргізілуде. Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау бойынша жауапты тұлғалар тиісті құқықтық актімен бекітілген, мемлекеттік қызметтер көрсетуге тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Анықтама телефоны: 8 (7162) 25 60 80.