
Тракторларға арналған жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексеру қызметін қалай алуға болады. Бұл қызмет тракторлар мен олардың негізінде жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, олардың тіркемелеріне, соның ішінде орнатылған арнайы жабдықтары бар тіркемелерге, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол құрылысы машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ арнайы жол талғамайтын көліктерге жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексерулерді ұсынады.
«Электрондық лицензиялау» порталын ашыңыз. «Электрондық лицензиялау» порталына кіріңіз немесе тіркеліңіз. Қызмет сипаттамасындағы қажетті құжаттарды қарап шығыңыз және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз немесе қажетті әрекетті таңдап, «Келесі» түймесін басыңыз. Қажетті ақпаратты беріңіз, өтінімді толтырыңыз және оған электрондық цифрлық қолтаңбаңызбен қол қойыңыз. Сіз берілген өтінімнің күйін Жеке кабинетіңіздегі «Менің өтінімдерім» бөлімінде бақылай аласыз. Рұқсат алу туралы «Менің рұқсаттарым» бөлімінде, ал хабарлама туралы «Менің хабарландыруларым» бөлімінде біле аласыз.
Қосымша ақпаратты Бауыржан Момышұлы көшесі, 21 мекенжайында орналасқан «Көкшетау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінен алуға болады. Байланыс телефоны: 25-60-80.