Төраға Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаевты құрметті демалысқа шығуымен құттықтады

Төраға Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаевты  құрметті демалысқа шығуымен құттықтады

2025 жылғы 12 мамырда  Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Сейітқамалұлы Дүйсенбаевты зейнет жасына толып, құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің атынан Алғыс хат табыс етті.

Әуезбек Сейітқамалұлы - жалпы 44 жыл еңбек өтілінің 42 жылы мемлекеттік қызметте, ал соңғы он жылға жуық уақытын қазынашылық жүйесіне арнаған маман.

Оның кәсібилігі, адалдығы және жоғары жауапкершілігі әріптестері мен мемлекеттік қызметшілердің жас буыны үшін үлгі болды.

Әуезбек Сейітқамалұлына зор денсаулық, амандық және өмірдің жаңа кезеңіндегі жарқын оқиғалар тілейміз!