2025 жылғы 22 сәуірде Қазынашылық комитетінде "Атамекен" ҚР ҰКП және "Қазақстан Құрылысшылар қауымдастығы" ЗТБ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Жиналысқа Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев, төрағаның орынбасары Ерлан Тюлюпов және Электрондық депозитарий басқармасының мамандары қатысты.
Кездесудің тақырыбы Мемлекеттік сатып алу порталында әлеуетті өнім берушілердің орындалған жұмыстары туралы мәліметтерді растаудың өзекті мәселелері болды.