
2025 жылғы 14 наурызда Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Төраға өз баяндамасында қазынашылық органдарының негізгі функциялары туралы, МӘС бюджетінің 4-деңгейі туралы айтып, электрондық депозитарийді жүргізу мәселелерін қозғады. Сөздің соңғы бөлігінде Рахат Тоқбаев Қазынашылық комитеті жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу шараларына тоқталды.
Төраға тұрғындар алдында қазынашылық органдарының қызметі мен міндеттері туралы баяндама оқыды. Сондай-ақ, кездесу барысында азаматтар өз сұрақтарына тиісті жауап алды.