Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті
Абай облысы бойынша Қазынашылық департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
24 сәуір 2024 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нысаны: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Абай облысы бойынша Қазынашылық департаменті (бұдан әрі - Департамент).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Ішкі талдау) «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының 2024 жылғы 06 наурыздағы №594 бұйрығы негізінде жүргізілді.
Ішкі талдау 2024 жылғы 8 сәуір мен 2024 жылғы 22 сәуір аралығында жүргізілді.
Ішкі талдау нысаны қызметінің жоспарлы кезеңі: 2022-2024 жылдар.
Ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері ретінде Департамент қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттары, Департаментке қатысты мемлекеттік органдармен бұрын жүргізілген тексерістердің нәтижелері, Департаменттің қызметі туралы ведомстволық статистикалық есебі, БАҚ жарияланымдары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, Департаменттің сыбайлас құқықбұзушылық жасаған қызметкерлерін анықтау және оларды жауапкершілікке тарту туралы мәліметтері, бұрын жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері, Департамент қызметкерлеріне өткізілген сауалнама нәтижелері, басқа құжаттар мен мәліметтері (қоса ұсынылады) пайдаланылды.
Ішкі талдау келесі құрамда жүргізілді:
Е.К.Тюлюпов – Комитет төрағасының орынбасары (жұмыс тобының жетекшісі);
Жұмыс тобының мүшелері:
М. Төлегенұлы – Комитеттің Абай облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы;
К.Б.Арыстанбекова – Комитеттің Персоналмен жұмыс істеу басқармасының басшысы;
Б.К.Бейсенова – Комитеттің Төлем операциялары басқармасының басшысы;
Б.О.Балгабаева – Комитеттің Жергілікті бюджеттер бойынша есеп беру басқармасының басшысы;
Д.М.Елубаева – Комитеттің Ведомстволық бақылау және тәуекелдер басқармасының басшысы;
С.Е.Бейсе – Комитеттің Электрондық депозитарий басқармасының басшысы;
Е.М.Мусаров – Комитеттің Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы;
А.К.Сарсембенова – Комитеттің Талдау және бағалау басқармасының басшысы.
Департаменттің функциясы сонымен қатар, қызметін реттейтін құқықтық актілер бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша ұсыныс жоқ.
Е.К. Тюлюпов
М.Төлегенұлы
К.Б. Арыстанбекова
Б.К. Бейсенова
Б.О. Балгабаева
Д.М. Елубаева
С.Е. Бейсе
Е.М. Мусаров
А.К. Сарсембенова