Қазынашылық комитетінің өкілдері Мажарстан астанасына іссапармен барып келді

Қазынашылық комитетінің өкілдері Мажарстан астанасына іссапармен барып келді

ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің өкілдері - төраға орынбасары Ерлан Тюлюпов пен Басқарма басшысы Ануар Жақыпов қазынашылықтың мемлекеттік бюджетке қызмет көрсетуі және оны атқару жөніндегі құралдарды табысты іске асырудағы тәжірибе алмасу мақсатымен а.ж.18-22 наурыз аралығында Мажарстанның астанасы Будапешт қаласында іссапармен болды.

2016 жылы Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен 🇭🇺Мажарстан мемлекеттік қазынашылығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес тараптар өзаратиімді және сындарлы серіктестік орнатқан.

Будапештке жұмыс сапары барысында қазақ делегациясы Мажарстанның республикалық бюджетті басқару, оған әкімшілік ету мен осы саладағы IT-жобалармен танысып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.


Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/732757?lang=kk