өтіміділікті болжау және басқару мәселелері бойынша кездесу өтті

өтіміділікті болжау және басқару мәселелері бойынша кездесу өтті

       2024 жылдың 27 ақпанында бейнеконференция форматында өтіміділікті болжау және басқару мәселелері бойынша PEMPAL Қазынашалық қомадастығының кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты өтімділік буфері жөнінде болды.

         Дүниежүзілік Банктің сарапшысы Майк Уильямс «өтімділік резерві: оның мәні, іске асырылуы және есептелуі» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада сарапшы халықаралық тәжірибенің мысалдарымен, ақша буферлерінің құрылымдарымен, олардың мөлшерін анықтау әдістерімен, сондай-ақ оларды қолданысқа енгізуге байланысты практикалық мәселелермен бөлісті. Бейнеконференция шамамен бір сағатқа созылды, содан кейін сұрақтар мен жауаптарға және де қатысушы елдердің тәжірибесімен алмасуға уақыт болды.

         Аталған іс-шараға ҚР ҚМ Қазынашылық комтитетінің өкілдері: төрағаның орынбасары Байгенжина Әлия  мен өтімділік басқармасының қызметкерлері қатысты.