Қазынашылық комитетінде Қазақстан қазынашылығының 30 жылдығы аясында ғылыми-практикалық семинар өтті

Қазынашылық комитетінде Қазақстан қазынашылығының 30 жылдығы аясында ғылыми-практикалық семинар өтті

2024 жылдың 26 қаңтарында Қазынашылық комитетінде қазынашылық саласының 30 жылдығы аясында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Макежанов Сұлтанбек, Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Такиев Мәди, ҚР жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Тенгебаев Ардақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қолданбалы зерттеу институтының директоры Көшербаева Айгүл, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің полковнигі Жылқышиева Жазира, сондай-ақ ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы Әбішев Мәди қатысты.


Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат баяндама жасап, мемлекеттік Қазынашылықты дамытудың өзекті аспектілері туралы айтты.

Қазынашылық саласының ардагерлері мен қызметкерлеріне мерейтойлық наградалар мен алғыс хаттар табыс етілді.