Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысының 2023 жылы 16 тамыздағы №Ж-679 ж/қ бұйрығымен Жанат Батаржановна Сапарова ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы болып 2023 жылғы 16 тамыздан бастап тағайындалды.
Ж. Сапарованы жаңа ұжымға Қаржы министрлігінің Аппарат басшысы Е.Қ. Егемберді таныстырды.
Жанат Сапарова бұған дейін ҚР ҚМ Қазынашылық Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.