ХАБАРЛАНДЫРУ! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Келдібайұлы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өтті

ХАБАРЛАНДЫРУ! Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Келдібайұлы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өтті

      2023 жылдың 16 наурызда, сағат 15:00, ZOOM арқылы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Тоқбаев Рахат Келдібайұлы Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.

       Р.К. Тоқбаев өз баяндамасында бюджеттің атқарылуына қызмет көрсету және электрондық депозитарийді жүргізу бөлігінде қазынашылық органдары қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.

      Кездесу барысында азаматтар «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің жұмысына, азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге, төлем шоттарын бекітуге, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кіру рәсімдері туралы сұрақтар қойды.

       Кездесу соңында түрлі мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.