KPFIS пен Pempal қазынашылық қоғамдастығының бейнеконференциясы: dBrain жүйесінің жаңа буыны Корея Республикасы

KPFIS пен Pempal қазынашылық қоғамдастығының бейнеконференциясы: dBrain жүйесінің жаңа буыны Корея Республикасы

     Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Кореяның мемлекеттік қаржы жөніндегі ақпараттық қызметі (KPFIS) мен Pempal Қазынашылық қоғамдастығының қазынашылық операцияларында ақпараттық технологияларды пайдалану жөніндегі тақырыптық тобының бірлескен бейнеконференциясы өтті.

     Аталған бейнеконференцияның мақсаты Кореяның мемлекеттік қаржыларын басқару ақпараттық қызметінің жұмысымен, dBrain жүйесінің құрылу тарихымен және оның жаңа буынының жоспарланып отырған функционалдық мүмкіндіктерімен танысу болды;

     Онлайн кездесу бағдарламасында KPFIS-тің халықаралық ынтымақтастық саласындағы перспективалық жоспарлары туралы материалдар, dВrain ақпараттық жүйесінің келесі буынының қысқаша тарихы (деректер, желілік өзара іс-қимыл, жасанды интеллект), dbrain жүйесіндегі келісімшарттар (Электрондық сатып алулар) ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен және түсініктемелерімен бөлісе алды.

    Сонымен қатар, Кореяның мемлекеттік қаржыны басқарудың ақпараттық жүйесіндегі тәжірибесі мемлекеттік ұйымдардың интеграциясы тұрғысынан Қазақстан үшін неғұрлым маңызды болып табылады (49 ұйыммен, нақты уақытта бюджетті басқаруға арналған 85 жүйемен байланыс орнатылған), сондай-ақ бюджет туралы статистикалық деректерді пайдалану мен қанағаттанудың неғұрлым жоғары деңгейі бар. Сондай-ақ, dBrain жүйесінің маңызды сипаттамаларының бірі нәтижеге бағытталған бюджетті басқаруда кері байланысты қолдау болып табылады.

     Аталған іс - шараға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің өкілдері, атап айтқанда, комитет төрағасының орынбасары - Р. К. Тоқбаев, қолма - қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасының басшысы – З. И. Мұқышева және ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы – Р. К. Бердіқұлов және де 35 комитеттің мемлекеттің қызметшілері қатысты.

     Бейнеконференциялардың таныстырылымы осы сілтеме бойынша іс-шараның веб-бетінде орналастырылған: https://www.pempal.org/node/3760.