2021 жылғы 15 ақпанда "Қазынашылық комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің алқасы өтті .

2021 жылғы 15 ақпанда "Қазынашылық комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің алқасы өтті .

2021 жылғы 15 ақпанда "Қазынашылық комитетінің 2020 жылғы қызметінің қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің алқасы өтті . Кеңейтілген отырыс Әнуар Серқұлұлы Жұмаділдаевтың басшылығымен онлайн өтті.Оған Қазынашылық комитетінің орталық аппараты басқармаларының және облыстар мен Нұр-сұлтан,Алматы қалалары бойынша Қазынашылық департаменттерінің басшылары қатысты, төрағаның орынбасарлары М.Жексембин, А. Байгенжина, ведомстволық бақылау басшысы Ф. Төлекованың баяндамалары тыңдалды.

Отырыс барысында мемлекеттік мекемелер мен қазынашылық сүйемелдеу субъектілерінің қаржылық құжаттарын жүргізу кезінде ағымдағы және одан кейінгі бақылауды күшейту, Қазынашылықтың аудандық (қалалық) басқармаларының қызметін жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу,ББС және қолданыстағы бюджет заңнамасының нормаларына сәйкес бюджеттің барлық деңгейлерінде қаржыландыру жоспарларының сапалы жүктелуін тұрақты бақылауды қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.Сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейту бойынша, бағыттар бойынша субвенцияларды бөлуді ескере отырып, қаржыландыру жоспарларын жүктеу және тексеру кезінде бақылауды күшейту және жұмыспен қамту жол картасы бойынша ақпаратты уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.

Соңында Әнуар Серқұлұлы отырысты қорытындылап, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттерді атап өтті.