
Бүгін Мемлекеттік қызметші күніне орай, әріптесіміз - Мемлекеттік қазынашылық комитеті Жиынтық қаржы жоспары басқармасының бас сарапшысы Жақсылықова Нұрия Хабибуллақызы мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін “Мемлекеттік қызмет ардагері” төсбелгісімен марапатталды.
Марапатты Қаржы министрілігінің Аппарат басшысы Эрнар Ержанов табыстады.
Әріптесімізді жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!