Мемлекеттік қазынашылық Комитеті алқасының отырысы өтті

Мемлекеттік қазынашылық Комитеті алқасының отырысы өтті

29 мамырда "Мемлекеттік қазынашылықты дамыту" тақырыбында Мемлекеттік қазынашылық комитетінің алқа отырысы өтті.
Іс-шараға мемлекеттік қазынашылықтың өңірлік департаменттерінің басшылары, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты. 

Отырыс барысында мемлекеттік қазынашылық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар қаралды, қазынашылық органдары қызметінің тиімділігін одан әрі дамыту мен арттырудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар пікір алмасып, осы саладағы жұмысты жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірледі.