
2026 жылдың 21 мамырында Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында "Өндіріс пен білім беруді интеграциялау арқылы цифрлық білім беруді дамыту: өңірлік синергия негізінде Жібек жолы таланттарын бірлесіп даярлау" тақырыбында өткен ШЫҰ жоғары оқу орындары Альянсының цифрлық экономика саласындағы Форумына қатысып, баяндама жасады.
Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова, профессор, Нанькай университетінің вице-ректоры Шэнь Бинь, Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитеті төрағасының орынбасары Сәкен Нұртазаев, сондай-ақ ШЫҰ ЖОО альянсына кіретін ЖОО ректорлары қатысты.
Форум барысында қатысушылар цифрлық білім беруді дамыту, жоғары білікті кадрларды даярлау, инновациялық білім беру тәсілдерін енгізу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.