Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінде алқа отырысы өтті

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінде алқа отырысы өтті

2026 жылғы 23 сәуірде Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінде алқа отырысы өтті.
Аталған іс-шараға Комитет төрағасы Р.К. Тоқбаев, Комитеттің басқарма басшылары, Департамент басшысы Л.Е. Шукеева, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімше басшылары қатысты.

Алқа отырысын Комитет төрағасы Р.К. Тоқбаев ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталды. Одан кейін Департамент басшысы Л.Е. Шукеева «Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің 2025 жылы атқарылған қызметінің қорытындылары және 2026 жылға арналған негізгі міндеттері туралы» баяндама жасады. Баяндамада өткен кезеңдегі көрсеткіштер, қол жеткізілген нәтижелер және алдағы кезеңге қойылған басым бағыттар атап өтілді.

Келесі кезекте Комитеттің Ведомстволық бақылау және тәуекелдер басқармасының басшысы Д.Елубаева 2025 жыл және 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша ведомстволық бақылау нәтижелері туралы, Персоналмен жұмыс істеу басқармасының басшысы А.А. Серикказинова кадрлық мәселелер бойынша баяндама жасады.