
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің жұмыс қорытындылары мен цифрлық трансформация жоспарларына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Іс-шарада ведомство қызметінің 2025 жылғы нәтижелері, сондай-ақ бюджетті орындаудың сервистік моделін дамыту және жасанды интеллект элементтері бар жүйені құруды қоса алғанда, жаңа цифрлық шешімдерді енгізу жоспарлары ұсынылды.
Қазіргі уақытта ведомство мемлекеттік бюджетті орындаудың сервистік моделінің элементтерін дамытуда. Бұл ҚР ҚМ Мемлекеттік қазынашылық комитеті мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын тиімді басқаруға қолдау мен көмек көрсетуге бағдарлана отырып, бірқатар қызметтер көрсететін тәсіл. Негізгі бағыттар нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, консультациялық-түсіндіру жұмысы, цифрландыру, құжаттарды алдын ала бақылау және орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу болып табылады.
Қазынашылық бақылауды күшейту профилактикалық бақылау арқылы жүзеге асырылады, оның барысында қаржылық тәуекелдер анықталады. 2025 жылы осындай шаралардың арқасында қаржылық бұзушылықтардың алдын алынды және 20 трлн теңгеден астам сомаға қаржылық құжаттарды орындамай қайтарылды.
2020 жылдан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік Қазынашылық комитеті орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының функцияларын орындайды. 2025 жылы 1,16 трлн теңгеге 1500-ден астам сатып алу өткізілді. Сатып алу қорытындысы бойынша үнемдеу 15 млрд теңгеден астам немесе 5,3% құрады.
Ведомство цифрлық шешімдерді енгізу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. 2025 жылы ISO халықаралық қаржылық қатынастар стандартына бір мезгілде көшу жүзеге асырылды, бұл төлемдерді өңдеуді жеделдетуге және автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу шоттарын жасау кезінде ақшалай қаражат алушылардың тегі, аты, әкесінің аты және жеке сәйкестендіру нөмірінің сәйкестігін салыстыру үшін жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасымен интеграциялық өзара іс-қимыл жолға қойылған.
Жаңа Бюджет кодексін іске асыру шеңберінде «Арнайы түсімдер» деген төртінші санатының ашылуымен бюджеттің жаңа құрылымын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ағымдағы жылы ҚР ҚМ Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің алдында бюджетті қазынашылық атқару саласында цифрлық шешімдерді қолдану жөніндегі жаһандық міндет тұр. Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау үшін 2026 жылы республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік холдингтер бюджеттері шеңберінде цифрлық теңгені масштабтау жоспарлануда. Ол үшін қазынашылық жүйенің басқа ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылы ұйымдастырылады.
Бұдан басқа, ведомство мемлекеттік қаржыны жедел басқаруға бағытталған қазынашылық жүйенің жаңа архитектурасын құруы тиіс. Жаңа жүйеде заманауи және тиімді шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект элементтерін қолдану болады. Жаңа архитектураны енгізудің күтілетін нәтижелері: қазынашылық жүйесінде қызмет көрсетілетін квазимемлекеттік сектор ұйымдарының санын ұлғайту, сондай-ақ бухгалтерлік есепті іске асыру, бюджеттік кредиттер мен субсидиялардың есебін жүргізу мүмкіндігі.
«Біздің алдымызда заманауи және тиімді шешімдерді (соның ішінде жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып) қамтитын қазынашылық жүйенің жаңа архитектурасын құру міндеті тұр. Осылайша, ағымдағы жылы барлық қажетті құжаттама әзірленеді және келесі жылдан бастап біз жүйені әзірлеуге кірісеміз», - деп түйіндеді Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев.