Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы Наурыз мейрамын атап өтті

Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы Наурыз мейрамын атап өтті

Бүгін Мемлекеттік қазынашылық комитетінің ұжымы жаңару мен бірліктің, береке мен ырыстың символына айналған Наурыз мейрамын салтанатты түрде атап өтті. Мерекелік іс-шаралар әріптестерді ұлттық дәстүрлер аясында біріктірді.

Бұл күннің маңыздылығын 20 наурыз – Ұлттық спорт күнімен тұспа-тұс келуі айшықтай түсті. Наурыз мейрамын мерекелеу аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, қатысушылар өздерінің ептілігі мен күш-жігерін, командалық рухын көрсетті. Спорттық сайыстар көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлады.

Сонымен қатар, қызметкерлер Наурыз-көже мен өзге де ұлттық тағамдар ұсынылған мерекелік дастарханнан ауыз тиді. 

Мерекелік шараның шарықтау шегі ретінде концерттік бағдарлама - күмбірлеген күй мен сыңғырлаған ән көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қызметкерлер өнерпаздарға ерекше құрметпен қол соғып, олардың шеберлігіне тәнті болды. Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеудің және ұжым бірлігін нығайтудың жарқын көрінісіне айналды.