Мемлекеттік қазынашылық комитетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік концерт барысында Комитет төрағасы ұжымдағы барлық әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың мемлекеттік қызметтегі еңбегін, кәсібилігі мен жауапкершілігін ерекше атап өтті.
Іс-шара аясында әйелдерге жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Ұжымның ер азаматтары әріптестеріне алғыс білдіріп, зор денсаулық, бақыт, отбасылық амандық пен толағай табыс тіледі.
"Құрметті ұжымның аяулы арулары мен ардақты ханымдары! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел – мейірім мен сұлулықтың, даналық пен ізгіліктің символы. Сіздер ұжымның ажарын кіргізіп, кәсібилік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, ортақ мақсаттарға жету жолында үлкен үлес қосып келесіздер. Осы тамаша мереке күні әрқайсыңызға зор денсаулық, шексіз бақыт, отбасыларыңызға амандық пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық пен жылылық тілеймін. Армандарыңыз орындалып, табыстарыңыз арта берсін!"- деді өз сөзінде төраға Рахат Тоқбаев.