состоялось заседание коллегии по подведению итогов деятельности за 2025 год

состоялось заседание коллегии по подведению итогов деятельности за 2025 год

2026 жылғы 27 ақпанда Мемлекеттік Қазынашылық комитетінде қаржы вице-министрі

Д.О. Темірбековтің қатысуымен 2025 жылғы қызметтің қорытындысы және 2026 жылға арналған негізгі міндеттер жөнінде алқа отырысы өтті.

Отырыс барысында қазынашылық жүйесі жұмысының негізгі нәтижелері, бюджеттің атқарылу көрсеткіштері, әкімшілендіру және цифрландыру процестерін жетілдіру мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік қаржыны басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар қаралды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасарлары:
- А. М. Байгужина "Комитет қызметінің қорытындысы және оның 2026 жылға арналған міндеттері";
- Е. К. Тюлюпов "Нормажасау, жұмыс тәжірибесінің тізілімі және ӘЖУ жұмысы”;
- Ғ.Б. Тағаев "Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылғы қызмет қорытындылары" тақырыбында баяндама оқыды.
Өз сөздерінде олар қол жеткізілген нәтижелерге егжей-тегжейлі тоқталып, проблемалық мәселелерді белгілеп, алдағы жылға арналған жұмыстың басым бағыттарын ұсынды.