
1994 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік қаржыны басқарудың аса маңызды институты-қазынашылық жүйесі құрылды. Осы күннен бастап ел бюджетін орындаудың заманауи, тұрақты және ашық жүйесін қалыптастыру жолы басталды.
Осы жылдар ішінде қазынашылық Қазақстан қаржы саясатының ажырамас бөлігіне айналды.
Бүгінгі жеткен жетістіктеріміз —орталық аппарат қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар бүкіл ел бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарының еңбегі, олардың кәсібилігі мен күнделікті маңызды және жауапты жұмысты орындайтын әрбір қызметкердің жоғары құзыреттілігі деуге болады.
Барша әріптестерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еліміздің игілігі жолындағя жаңа кәсіби жетістіктер мен табыс тілеймін!
Құрметпен,
Рахат Тоқбаев
Мемлекеттік Қазынашылық комитетінің төрағасы